Ағымдағы жылдың 20 наурызында Наурыз мейрамы қарсаңында қала әкімдігінің, мемлекеттік мекемелердің, депутаттардың, ҚР ҚК әскери бөлімдерінің (60601, 18405, 44841), коммуналдық қызмет кәсіпорындары мен ұйымдардың, «Айналайын» балабақшасының, «Достық» орталығының, «Спектор» ЖШС және жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері табыс етілді.
Аталған іс-шара аясында азық-түлік себеттері төмендегі азаматтарға табыс етілді:
- әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкология, туберкулез) есепте тұрған адамдарға;
- 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
- аз қамтылған отбасыларға;
- үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алатын жалғыз басты зейнеткерлерге;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға табыс етілді.
«Қайырымды ұлт» акциясы 2000-нан астам адамды қамтыды. Аталған тізімдегі азаматтарды уәкілетті органдар ұсынды.
Қаланың барлық тұрғындарын, 21 наурыз күні сағат 11.00-де қалалық алаңда өтетін Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз. Мерекелік дастарханға арналған дәмді тарату сағат 12.00-де басталады.