Алғыс айту күні-Қазақстанда жаңа мереке және оның дәстүрлері енді ғана қалануда. Бірақ оларда бүгінде елдің біртұтас халқын құрайтын әрбір этностың мәдениеті мен рухани құндылықтары көрініс табады.
Алғыс айту күні көпұлтты ел халықтары арасындағы достықтың, мейірімділіктің және келісімнің көрінісі болып табылады. Яғни, бұл біздің қаламыздың және еліміздің тұрғындары бір-біріне алғыс білдіретін күн.
Көктемнің алғашқы күні Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері үшін «рахмет» деген сөзбен басталды.
Күн сайын әлеуметтік қызметкерлермен 20 қартқа, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және мүгедігі шектеулі балаларға азық-түлік, шаруашылық тауарларын, дәрігерлердің рецептілері бойынша дәрі-дәрмек жеткізуде, пәтерді тазалауға және т.б. көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер балалардың бос уақытын ұйымдастырады, өзіне-өзі қызмет көрсету, мінез-құлық, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас дағдыларына оқытуды жүргізеді.