Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
Ағымдағы жылдың 24-25 ақпан аралығында "Достық" балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында мемлекеттік мекемелердің қатысуымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке барысында мамандармен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін қызмет түрлері туралы және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы (еgov.kz) мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы ақпараттық- түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 30 астам брошюралар таратылды.