Меню

Страницы

Статья

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?


АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) аз қамтылған отбасылар және отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан төмен болатын адамдар үшін мемлекеттік жәрдемақы болып табылады, яғни, 25 813 теңге. 2022 жылғы 1 тоқсанда кедейлік шегі 25 813 теңгені құрайды. Жан басына шаққандағы орташа табыс АӘК тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі. Есіңізде болсын, кірісті алдыңғы 3 айда санау керек.
АӘК тағайындау үшін азаматтарға egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш жолдау қажет, бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттарды тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды. Немесе жұмыспен қамту орталығына өзіңіз барып, толық кеңес алуыңызға болады. Сондай-ақ, олар сіздің әлеуметтік көмек алушылардың критерийлеріне жататындығыңызды білу үшін кірістеріңізді есептеуге көмектеседі.
Анықтама үшін 5-27-88 нөмеріне хабарласуыңызға болады.

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 сентября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама
13 мая 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Картограммасы
07 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы