«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Үйде арнаулы қызмет көрсетумен 19 адам қамтылған, оның ішінде 2 ересек және 5 мүгедектігі бар бала және 12 зейнеткер. Әлеуметтік қызметкерлер бөлім басшысымен бекітілген кестеге сәйкес үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға аптасына 2 рет қызмет көрсетеді. Мынадай кызмет түрлерін көрсетеді: қызмет көрсетілетін азаматтарды азық-түлікпен, бірінші қажеттіліктегі шаруашылық тауарлармен, дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмекпен, пәтерді жинауға жәрдемдесумен және т. б. қамтамасыз етеді. Мүгедек балаларға қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер мүгедектігі бар балалардың бос уақытын ұйымдастырады, өзіне-өзі қызмет көрсету, өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас дағдыларына оқытуды жүргізеді.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту бөлімнің мамандарымен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді.