2021 жылдың 12 айына
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің жұмысы туралы
ақпарат
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Халықты әлеуметтік қорғау шараларымен қамту бойынша нақты жұмыстар жүргізуде. 2020 жылдың қаңтарынан бастап Жұмыспен қамту бойынша статистикалық деректер жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес қалыптастырылады.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) көрсетіледі. 2021 жылдың 12 айында АӘК 366 адамнан тұратын 97 отбасына 17 615,2 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді. Сондай-ақ, 2021 жылдың басынан бастап АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 78 балаға 449 азық-түлік жиынтығы және 170 гигиеналық құралдар түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.
Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызмет тұтыну шығындары белгіленген норма шеңберінде, бірақ өздері тұратын үйдің жалпы көлемінен аспайтын, тұрғын үйді ұстап тұру мен коммуналдық қызметтік тұтыну шығындары және қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненттеріне байланыс үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы төлемі сол отбасының барлық кірісінің 6 пайызынаң асып кеткен жағдайда тұрғын үй көмегі 10 отбасы оның ішінде 19 адамға 869,3 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына қатерлі ісік және туберкулез аурулары бар адамдарға, мереке күндері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қажетті пакетті сатып алуға көмек көрсетіледі. Жалпы аталған көмек түрлері жергілікті бюджеттен – 12 737,3 мың теңге сомасына 1 274 адамға көрсетілді.
Мереке күндеріне бір реттік материалдық көмек (Наурыз мейрамы, Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні, Астана күні, ҚР Конституция күні) 1197 адамға 7 962,8 мың теңге; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 6 адамға 262,5 мың теңге; азық-түлікке және адамның қайтыс болуына байланысты материалдық көмек 71 адамға 4 512,0 мың теңге.
Приозерск қаласы әкімі жанындағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі қалалық арнайы комиссияның ҚР азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану туралы шешіміне сәйкес жеңілдіктерге құқығын растауға 1 адамға куәлік берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес Приозерск қаласында 12 айда 269 мүгедек тіркелген, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер – 31 адам, 2 топтағы мүгедектер – 110 адам, 3 топтағы мүгедектер – 98 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 30.
Ағымдағы жылдың басынан бастап оңалтудың техникалық көмекші құралдарына мүгедектер өтініш жасады және ОЖБ негізінде қамтамасыз етілді:
- протездік-ортопедиялық құралдарға – 16 адам жүгінді, 16 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
– сурдотехникалық құралдарға – 2 адам жүгінді, 2 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
- тифлотехникалық құралдар – 4 адам жүгінді, 4 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
- арнайы қозғалыс құралдарына – 7 адам жүгінді, 7 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
- гигиеналық құралдарға - 79 адам жүгінді, 79 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
- санаториялық-курорттық емделу - 35 адам жүгінді, 35 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 100%.
Гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 2021 жылдың 12 айында республикалық бюджеттен 2 203,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2941,7 мың теңге игерілді.
ОЖБ-ға сәйкес 2021 жылдың 12 айында 9 мүгедек жалпы сомасы 5 453,6 мың теңгеге жеке көмекшілермен қамтамасыз етілді.
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша 2021 жылғы 12 айда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата – аналарға 5 адам (жыл басынан бастап) 188,7 мың теңге сомасында төленді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 2021 жылдың 12 айында үйде қызмет көрсетумен 19 адам қамтылды, оның ішінде 2 мүгедек (5 мүгедек бала), 12 зейнеткер.
Жұмыспен қамту бөлімінің ғимаратында пайдаланылған заттарды қабылдау пункті бар, 2021 жылдың өткен кезеңінде 107 аз қамтылған отбасы, мүгедектер мен зейнеткерлер пайдаланылған заттармен қамтамасыз етілді.
Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 36 мүмкіндігі шектеулі балаға жалпы сомасы 180,0 мың теңгеге бағалы сыйлықтар түрінде (төсек-орын жабдықтары мен суретшінің чемоданы) заттай көмек көрсетілді.
Қарттар күнін мерекелеу құрметіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 мерейтой иесіне (70-100 жас) және қаланың қарт тұрғындарына жалпы сомасы 805,0 мың теңгеге бағалы сыйлықтар (көрпе) түрінде заттай көмек көрсетілді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңына сәйкес, Мемлекет басшысы-Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы "қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62-тармағын орындау үшін мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта құру бойынша әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін түгендеу (паспорттау) және бейімдеу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Қала әкімінің 18.02.2017 жылғы № 6 өкімімен Приозерск қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізетін жұмыс тобының құрамы жаңартылды. 2021-2025 жылдары әлеуметтік инфрақұрылымның 55 объектісіне паспорттау жүргізілді, оның ішінде 54 объекті бейімделуге жатады. 54 нысан бейімделді. Есептеу әдістемесіне сәйкес көрсеткіш 98% жетті.
Барлық паспортталған объектілер бойынша деректер «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталына енгізілді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін, қала кәсіпкерлері қауымдастығының, бюджеттік ұйымдардың, мешіт пен шіркеу қызметкерлерінің көмегімен мемлекеттен тыс көмек көрсетіледі. Осы жылы бұл жұмыс жалғасын табуда. Бюджеттен тыс қорлардан түрлі мерекелік іс-шараларға көмек көрсетіледі, материалдық, заттай көмек көрсетіледі, сыйлықтар табысталады және басқа да қайырымдылық акциялары (қарттар күні, балаларды қорғау күні, жаңа жыл және басқалары). 2021 жылы жалпы сомасы 7 125,0 мың теңге көлемінде 1250 адам қамтылды.
Бөлімде 2021 жылдың 12 айы бойынша келесідей комиссия отырыс мен кездесулер өткізілді:
«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында 2021 жылы 699 адам жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдірді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 818 адам қамтылды, бұл өтініш білдіргендердің жалпы санынан 117% құрайды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына - 42, алғашқы жұмыс орындары жобасына – 4 адам, жастар тәжірибесіне-44 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 456 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 272 адам жіберілді.
Бірінші бағыт:
Бұл бағдарламада келесі тапсырмаларды жүзеге асыру қарастырылады:
Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) кадрларын даярлау жөніндегі мамандықтар тізбесіне және оқытудың екі деңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес Бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіптік білім тегін беріледі. ТжКБ 5 адам жолданды.
2021 жылдың тамыз айынан бастап 3 айлық қысқа мерзімді оқу курстарына 13 адам жолданды (аспазшы, тігінші). Қорытындыға сәйкес Бағдарламаның 1 қатысушысы оқудан шығарылды. 12 адам жұмысқа тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт:
«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер 6% аспайтын соңғы сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылға дейінгі мерзімге 8 мың АЕК (18 млн.теңге) дейін беріледі.
Бағдарлама бойынша 2021 жылы өз бизнесін ашуға/кеңейтуге 11 жобаға шағын несие сомасы 39,480 мың теңге бөлінді.
2021 жылы 5 жобаға 19,4 млн. теңге көлемінде шағын несие алды (ірі малды дамытуға, шаштаразды кеңейтуге, гүл дүкенін кеңейтуге,азық-түлік дүкенін кеңейтуге).
(Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 3,0 млн.теңге сомасында қайта инвестициялау есебінен 1 адам алды).
Үшінші бағыт:
2021 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 30 бағдарлама қатысушының жалақысын 12 ай мерзімге мемлекеттің ішінара субсидиялауы көзделген. Жұмыс берушінің субсидиялары олардың белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - ын құрайды, бірақ ең төменгі жалақыдан (42 500 теңге) артық емес.
Іс жүзінде бағдарламаның 42 қатысушысы (жоспар бойынша 40 адам, яғни 107,5%) жеке кәсіпкерлерге және қаланың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне жіберілді.
Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесі бағдарламасына 44 қатысушы жолданды (жоспар бойынша 40, яғни 112,5%), бір қатысушыға субсидия мөлшері айына 25 АЕК (72 925теңге) құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға республикалық бюджеттен 95 адамға сомасы 58 900,0 мың теңге бөлінді. Игерілген сома – 58 900,0 мың теңге, 272 жұмыссыз азамат жолданды.
2021 жылы қоғамдық жұмыскерлердің жалақысы (мөлшері) 63 750 теңгені, аула сыпырушылардың (мөлшері) 106 250 мың теңгені құрайды.
Ағымдағы жылдың 12 айына тұрақты жұмыс орындарына 456 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар бойынша 300 адам, яғни 152% құрайды.
Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылы бағдарлама бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
- «Ашық есік күндері» ұйымдастырылды;
- жұмыссыз азаматтарға арналған 1 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді;
- «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын» және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 4 семинар өткізілді;
- «Приозерск вестник» газетіне 6-дан жоғары мақалалар жарияланды.
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әкім аппаратының және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің веб-сайттарында және «Приозерский вестник» газетінде орналастырылады.
Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша 2270 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
2021 жылдың 4 тоқсан қорытындысы бойынша 95 өтініштен себепті бас тарту болды.
Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған және жұмыспен қамту бөлімі мен орталығында жеке-жеке өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.
«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), https://m.vk.com/ozsp2018, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.
«Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арылы 17 тікелей эфир өткізілді (1680 адам қамтылды).
560-қа жуық ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;
1 бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді (21 адам келді).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттары бойынша, қызмет алушының құқықтарын түсіндіру бойынша 10 семинар өткізілді (145 адам қамтылды).
Мекемеде әр айдың бірінші сәрсебісінде «Ашық есік күні» өтеді.
Сонымен қоса, жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 23 мақала жарияланды:
Есепті кезеңде мекеменің 3 қызметкері біліктілігін арттыру курсынан өтті және 3 қызметкер Теміртау мен Қарағанды қаласында тәжірибе алмасу мақсатында тағылымдамадан өтіп келді.