Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алушылардың саны жылдан жылға артуда. Өткен жылы елімізде төтенше жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылып, мекеме қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасады. Сол себепті, мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілді.
Әр түрлі электронды қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екені белгілі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылса да, бет жүзіңізді биометрикалық сәйкестендіру және бір реттік құпиясөзді қолдану арқылы электронды түрде ЭЦҚ алуға болады. Осы жолмен заңды тұлғалар да ЭЦҚ ала алады.
Электронды түрде қызмет алудың екінші тетігі – бір жолғы құпиясөз арқылы сұрауларды мақұлдау. Осы тәсілмен қызмет алу үшін сіздің мобильді телефоныңыздың нөмірі азаматтарға арналған электронды үкіметтің базасында болуға тиіс. Яғни базаға тіркелу керек.
Сонымен қатар, бөлімде «Өз-өзіне қызмет ету бұрышы» орналастырылған және кеңес беру мамандары бекітілген. Егер үй жағдайында интернет желілері немесе компьютерлік құрал жабдықтар болмаған жағдайда, сол жерден өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. 2020 жылы азаматтар «Өз-өзіне қызмет ету бұрышы» арқылы 85 қызметті алды.
2020 жыл жағдайы бойынша Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2117 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.