2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

 

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 20 мемлекеттік қызмет көрстеіледі.

2022 жылы 2 626 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

  1. Көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны– 0.
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы – 114.
  4. «Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 888.
  5. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін

қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1561.

  1. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –62.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 113 өтініштен себепті бас тарту болды:

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына  шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған және жұмыспен қамту бөлімі мен орталығында жеке-жеке өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.

 «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), Facebook (Занятость Приозерск), Инстаграм (ozsp_prio) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • «Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арқылы 8 тікелей эфир өткізілді (855 адам қамтылды).
  • 904 ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;
  • 4 бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді (235 адам келді).
  • Халықтың осал топтағы азаматтары арасында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-түсіндерме жұмыстары бойынша – 9 кездесу өткізілді (126 адам қамтылды).
  • Ашық есік күні – 3 өткізілді (247 адам келді).

Сонымен қоса, жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 7 мақала жарияланды:

  • «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер» (28.01.2022 жыл № 04/752);
  • «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды бейімдеу жөніндегі комиссияның жұмысы туралы» (08.04.2022 жыл № 14/762);
  • «Кепілдендірілген әлеуметтік пакет» (15.04.2022 жыл № 15/763);
  • «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» (08.04.2021 жыл № 14/762);
  • «Электрондық еңбек биржасы» (22.04.2022 жыл № 16/764);
  • «Жеңіс күніне орай атқарылған іс-шаралар» (13.05.2022 жыл № 19/767);
  • «Парыз -2022» (20.05.2022 жыл № 20/768);

Жергілікті «QORJYNTÜBEK JARŞYSY» газетінде 4 мақала жарияланды:

  • «Әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы туралы 2021 жылғы есебі» (09.07.2022 жыл № 1/1);
  • «Әлеуметтік инфрақұрылым нысаны түгендеу (паспорттау) және бейімдеу бойынша»  (9.07.2022 жыл № 1/1);
  • «Зачем нужен коллективный договор» (16.07.2022 жыл № 2/2);
  • «Проект Молодежная практика» (16.07.2022 жыл № 2/2);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
Дата публикации
08 августа 2024