2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

 Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 19 мемлекеттік қызмет көрстеіледі.

2021 жылы 2 270 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

  1. Көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –21.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны– 1.
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы – 40.
  4. «Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 1493.
  5. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін

қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 715.

  1. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 95 мемлекеттік қызметі бойыншадәлелді бас тарту болды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына  шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған және жұмыспен қамту бөлімі мен орталығында жеке-жеке өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.

 «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), Facebook (Занятость Приозерск), Инстаграм (ozsp_prio) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • «Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арқылы 17 тікелей эфир өткізілді (1680 адам қамтылды).
  • 560-қа жуық ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;
  • 1 бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді (21 адам келді).
  • Халықтың осал топтағы азаматтары арасында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-түсіндерме жұмыстары бойынша – 10 кездесу өткізілді (145 адам қамтылды).
  • Ашық есік күні – 1 өткізілді (59 адам келді).

Сонымен қоса, жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 23 мақала жарияланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есеп
Дата публикации
08 августа 2024