2024 жылдың 17 маусымы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдарға көрсетілген әлеуметтік көмектер бойынша ақпарат
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаментінде Приозерск аудандық бөлімшесінде 2024 жылдың 17 маусымында 287 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде:
1 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 33;
2 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 93;
3 топтағы мүгедектігі бар адамдар - 125;
мүгедектігі бар балалар - 36.
Мүгедектігі бар мұқтаж адамдардың ИПАР негізінде оңалтудың техникалық көмекші құралдарына қажеттілігі:
- протездік-ортопедиялық құралдарға мұқтаж - 13 адам, оның ішінде 11 адам қамтамасыз етілді, яғни 84,62 % (2 адам жеткізушіден ОТҚ күтеді).
- сурдотехникалық құралдарға мұқтаж - 2 адам, 1 адам қамтамасыз етілді, яғни 50 % (1 адам жеткізушіден ОТҚ күтеді).
- тифлотехникалық құралдарға өтініштер түскен жоқ.
- арнайы көлік құралдарына мұқтаж - 2 адам, 2 адам қамтамасыз етілді, яғни 100 %.
- санаторий-курорттық емделуге мұқтаж - 48 адам, қамтамасыз етілген 17 адам, яғни 35,42 %. (31 мүгедек адам санаторий-курорттық емдеуді пайдалануға ниет білдірді: маусым айына - 8 адам, шілде айына - 9 адам, тамыз айына - 7 адам, қыркүйек айына – 3 адам, қазан айына -2 адам, қараша айына -2 адам).
- жеке көмекшінің қызметінде - 9 адам, оның ішінде, 9 адам қамтамасыз етілген, яғни 100 %.
- гигиеналық құралдарға мұқтаж - 39 адам, 39 адам қамтамасыз етілді, яғни 100 %.
- оңалту орталығына мұқтаж - 1 адам, 1 адам қамтамасыз етілді, яғни 100 % орындалды.
Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша өмірлік қиын жағдайға (тамақтануға, емделуге) байланысты көмек көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген көмек түрлеріне 2024 жылы мүгедектігі бар 25 адамға жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 2 644,9 мың теңгеге көмек көрсетілген. Оның ішінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған 3 ата-анаға жалпы сомасы 332,3 мың теңгеге көмек көрсетілді.
ИПАР-ға сәйкес, жалпы сомасы 4 311,0 мың теңгеге мүгедектігі бар 9 адам жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 2024 жылға жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға 214,1 мың теңге сомасында 6 адамға (жыл басынан бастап) төленді.
Инватакси қызметіне жергілікті бюджет қаражатынан 6 500,0 мың теңге бөлінді, инватакси қызметін 14 адам пайдаланады, игерілген сома 197,0 мың теңгені құрайды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және бөгде адамдардың күтімі мен көмегіне мұқтаж егде жастағы адамдарға үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 4 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Үйде қызмет көрсетумен 29 адам қамтылды, оның ішінде 3 мүгедектігі бар адам, 6 мүгедектігі бар бала, 20 зейнеткер.
Қала демеушілері мүгедектігі бар адамдарға материалдық және заттай көмек көрсетеді.
Балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне орай, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жалпы сомасы 1 180,0 мың теңгеге 36 мүгедек балаға концерттік бағдарламамен мерекелік түскі ас, сыйлықтар (төсек-орын, көрпе) және жеміс себеттері табыс етіле отырып, заттай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, «Shagala mining» ЖШС-гі жалпы сомасы 432,0 мың теңгеге мүгедектігі бар 36 балаға жұмсақ ойыншық түрінде заттай көмек көрсетті.
Демеушілік қаражат есебінен «Балаларға бақыт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында, жалпы сомасы 540,0 мың теңгеге мүгедектігі бар 36 балаға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар түрінде заттай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға «Жанетта М» стоматологиясымен тегін стоматологиялық қызметтер (тістерді жұлу) ұсынылады, жыл басынан бері бұл қызметті мүгедектігі бар 13 адам пайдаланды.
Мүгедектігі бар адамдарға өз құқықтарын іске асыру бойынша басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер беру мақсатында, Приозерск қаласында әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде, ол екі кезеңнен тұрады: паспорттау және бейімдеу.
2012 жылдан 2023 жылға дейін мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік тұрғысынан 52 Әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне паспорттау жүргізілді.
Бүгінгі таңда 52 паспортталған нысанның 38 немесе 73% бейімдеуден өтті.
2021 - 12;
2022 - 18;
2023 - 8.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 8 нысан бейімделді, бұл 100% құрады, олар:
2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жұмыстары жалғасуда.
2024 жылға арналған жоспар - 12 нысан.
|
Нысандар атауы |
Бейімдеу мерзімі |
|
«24 часа» дәріханасы |
қыркүйек |
|
«Казахтелеком» филиалы |
қыркүйек |
|
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ (№798, №799 сайлау учаскесі) |
қазан |
|
ЖК «Алибаева» қонақүйі |
қазан |
|
Казпошта |
қараша |
|
«Сымбат» жиһаз салоны |
қараша |
|
«Family» сауда орталығы |
қараша |
|
«Winston» кафесі |
қараша |
|
«Жедел-құтқару жасағы» |
қараша |
|
Қалалық сот |
қараша |
|
«Granit» отелі |
қараша |
|
«Приозерск қаласының ішкі істер бөлімі» ММ |
қараша |