Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған және
пробация қызметі есебінде тұрған
азаматтарды бейімдеу бойынша
комиссияның 2024 жылдың І тоқсанына
атқарылған жұмысы туралы есебі
2023 жылдың 14 желтоқсандағы №52/269 «Приозерск қаласы әкімдігі жанындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды бейімдеу жөніндегі консультативті кеңесші орган құрамы туралы» қаулысы бекітілген.
Консультативті кеңесші органның мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды бейімдеу, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсету және тұрмыстық жағдайын жақсартуға ықпал ету бойынша жұмыстарды жүргізеді.
2023 жылғы 30 қарашадағы Қарағанды облысы әкімдігінің № 87/08 «2024 жылға Қарағанды облысы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Приозерск қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы бойынша «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС-не 1 жұмыс орны және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылыған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС-не 1 жұмыс орны белгіленген.
Ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша жұмысқа орналасуға 2 азаматтан өтініш түсті.
Пробация қызметі есебінде тұрған 2 азамат:
Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы.
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Ағымдағы жылы «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы» бағдарламасына сәйкес, жергілікті бюджеттен 738,0 мың теңге бөлінген.
Ағымдағы жылдың наурыз айында пробация қызметі есебінде тұрған1 азаматқа 20 АЕК (73840 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға түсуіне байланысты демеушілер есебінен азық-түлік себеті табысталған болатын.
Сондай-ақ, пробация қызметі есебінде тұрған 1 азаматша құқықтық мәселе бойынша сұрағанына байланысты, мемлекеттік-құқықтық бөлімнен жеке кеңес берілгендігін хабарлаймыз.
Приозерск қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы №5ө өкімімен пробация есебіндегі азаматтар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында, пробация есебінде тұрған сотталған тұлғаларға рейд жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды.
Аталған жұмыс тобының құрамына прокуратураның, құқықтық бөлімнің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мансаптық орталықтың, орталық ауруханың, қалалық пробация және полиция бөлімінің өкілдері кіреді.
Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні жұмыс жоспарына сәйкес, аталған жұмыс тобы пробация есебінде тұрған азаматтардың үйлерін аралап, тұрмыстық жағдайымен танысып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғылықты жері бойынша тексеру нәтижесі бойынша пробация қызметі есебінде тұрған 1 азаматқа 20 АЕК (73840 теңге сомасында) біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Мансап орталығы арқылы пробация қызметі есебінде тұрған 1 азамат «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС-де жұмыс орындарының квотасы бойынша слесарь ретінде жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 1 сотталған азаматқа демеушілер есебінен азық-түлік себеті табысталды және заң бөлімімен 1 сотталушыға заң көмегі ұсынылды.
Приозерск қаласының пробация қызметі Приозерск қаласының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа қылмыстардың болдырмау мақсатында, 05.02-09.02 аралығында «Үкім», 12.02-20.02 аралығында «Есепке алу элементі» 19.03-21.03 аралығында «Қылмыс», 20.03 күні ойын - сауық орындарында рейд жүргізу жұмыстары және 15.04-19.04 аралығында «Есеп» атты іс-шаралар өткізілген.
Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың (оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан келген азаматтарды қоса алғанда) тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме сұқбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау, жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселелердi шешу үшiн жергілікті соттарға ұсыным жолдау, сонымен қатар жұмыссыз жүрген есептік тұлғаларды жұмысқа орналастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 57 бабына сәйкес, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар оның тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Приозерск қаласы әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №52/268 қаулысы негізінде Приозерск қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Приозерск қаласының мәдени-демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2024 жылға қоғамдық жұмыс жазасына және мәжбүрлі еңбекке тартылған адамдарға тегін қоғамдық пайдалы жұмыстар ұйымдастыру бойынша жауапты уәкілетті мекемелер болып айқындалды.
2024 жылдың 3 айында Приозерск қаласы пробация қызметі есебінен қоғамдық жаза түріне тартылған 8 сотталған өтті. Оның ішінде сотты болған, С.Д.Байжанов, П.Н.Хожабек, С.В.Молошный және С.В.Петров «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі » мемлекеттік мекемесіне жолданса, В.Н.Крамской, П.А.Наджафов, Ж.Л.Шабанбаев және В.К.Мананков «Приозерск қаласының мәдени-демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жолданып, әрқайсысы сотпен тағайындалған 80 сағат қоғамдық жұмыстарын жазаларын өтеп, есептен шығарылды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден жалтарылған сотталғандар болған жоқ.