«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекетік көрсетілетін қызметтер
туралы 2023 жылдың 1 тоқсан бойынша
аналитикалық анықтама
Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 20 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша 849 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
- Көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны– 0.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Е-лицензирование» МДҚ арқылы электронды түрде көрсетілгендер саны -0.
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 9, атап айтқанда:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру – 7;
- Еңбекші көшіп келушіге ұзартулар беру - 2;
- «Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 175, атап айтқанда:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 84 мемлекеттік қызмет;
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 7 мемлекеттік қызмет;
- Жұмыссыздарды тіркеу – 7 мемлекеттік қызмет;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру – 62 мемлекеттік қызмет;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау – 15 мемлекеттік қызмет.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 607 мемлекеттік қызмет:
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу – 205 мемлекеттік қызмет;
- Жұмыссыздарды тіркеу – 200 мемлекеттік қызмет;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру – 132 мемлекеттік қызмет.
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру:
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлік беру – 3 мемлекеттік қызмет;
- Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 6 мемлекеттік қызмет;
- Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу бойынша – 20 мемлекеттік қызмет;
- Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 28 мемлекеттік қызмет;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу - 3 мемлекеттік қызмет.
- Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 1 мемлекеттік қызмет.
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – 9 мемлекеттік қызмет.
- Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –58.
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 58 мемлекеттік қызмет.
2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша 38 өтініштен себепті бас тарту болды:
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуде - 36 өтініш;
- Тұрғын үй көмегін тағайындауда – 1 өтініш;
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу:
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру – 1 өтініш.
Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған және жұмыспен қамту бөлімі мен орталығында жеке-жеке өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.
«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), Facebook (Занятость Приозерск), Инстаграм (ozsp_prio) әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- «Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арқылы 1 тікелей эфир өткізілді (41 адам қамтылды).
- 53 ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;
- 1 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді (45 адам келді).
- Халықтың осал топтағы азаматтары арасында мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-түсіндерме жұмыстары және әлеуметтік желідегі ақпараттар бойынша – 10 іс-шаралар өткізілді (81 адам қамтылды).