2023 жылға бас бостандығынан айыру
орындарынан келген азаматтар мен
пробация қызметінің есебінде тұрған
азаматтарды бейімдеу жөніндегі
консультативтік-кеңесші орган
комиссиясының атқарған жұмысы бойынша есебі
Приозерск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №44/299 қаулысына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан келген азаматтар мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды бейімдеу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның құрамы (бұдан әрі-ККО) бекітілген.
Консултативтік - кеңесші орган құрамына пробация қызметінің өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік-құқықтық бөлімнің, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің және Приозерск қаласының орталық ауруханасының өкілдері кіреді.
Консултативтік - кеңесші органның мақсаты - пробация қызметінің есебінде тұрған және мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеуді, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік көмек және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындау болып табылады.
Аталған санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша 2022 жылдың 9 желтоқсанында Приозерск қаласы әкімдігінің № 49/343 «2023 жылға Приозерск қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бекітілген. Қаулыға сәйкес, Приозерск қаласында қылмыстық атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылыған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2 жұмыс орны - «Сарышаған Сужылу-2014» ЖШС-не белгіленген. Қазіргі кезде, квота толық орындалды.
Жыл басынан бастап, пробация қызметінің есебінде тұрған 3 азамат жұмысқа орналастырылды:
.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 4 азаматтан жұмысқа орналастыру бойынша өтініш түсіп, жұмысқа жолданды.
Біржолғы материалдық көмек көрсету бойынша:
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан шығып келгендерге өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Ағымдағы жыл бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан 5 адамға 69,0 мың теңгеден (20 АЕК) жалпы сомасы 345,0 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді:
Жыл басынан бері бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды бейімдеу бойынша консультативтік-кеңесші органның 4 кезекті отырысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде консультативтік - кеңесші органның комиссия мүшелерімен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында кездесу өткізілді. Кездесу барысында жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, құқықтық-әлеуметтік көмек көрсету, шағын несиелендіру, қысқа мерзімді кәсіптік курстарды оқыту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Приозерск қаласының пробация қызметінің деректері бойынша ағымдағы жылдың өткен кезеңінде пробация қызметінің есебінен 39 сотталған өткен, өткен жылы 41 адам өтті.
Есепті кезеңнің соңында есепте тұрғандардың саны 13 сотталғанды құрайды (2022 жылы -7).
Приозерск қаласы пробация қызметі мен Приозерск қаласының полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде сотталғандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа қылмыстарды болдырмау мақсатында, 10-нан астам іс-шара өткізілді. Олар: «Пробация», «Тұрмыс», «Қадағалау», «Есепші», «Міндет», «Есепке алу және жалпы бақылау», «Учаске», «Иілгіш, «Міндет» және «Қауіпсіз қала» атты іс-шаралар өткізілген. Аталған іс-шара барысында жазаны өтеу тәртібінің шарттарын және қылмыс жасауға бейім адамдар тарапынан ҚР әкімшілік заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, Приозерск қаласы пробация қызметімен ағымдағы жылдың өткен кезеңде, Приозерск қалалық сотына жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру және қамауға алу туралы мәселелерді қарау үшін 6 ұсыныс енгізілді.
Сот 3 материалды қанағаттандырды, бас тартылды – 2, қарауда - 1.
1-шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылды, бас тартылды – 0, қарауда-0.
Іздеуде жүрген адамдар жоқ.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша 1 сотталған тарапынан қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасалды.
Приозерск қаласының пробация қызметі мен «Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-і бірлесіп, ағымдағы жылдың 28 тамызында сотталған тұлғалар арасында шахмат және дойбы бойынша турнир өткізілді. Аталған спорттық іс-шаралардың мақсаты -салауатты өмір салтын насихаттау және спорттық шеберлікті арттыру болып табылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде Приозерск қаласының полиция бөлімінің акт залында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және Приозерск қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында семинар өткізілді. Аталған іс-шараға «Нұрлы білім» ҚБ маманы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының маманы, теолог А. Н. Абдурасилов, Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. К. Шарбекова қатысты. «Нұрлы білім» ҚБ маманы А. Н. Абдурасилов қатысушылардың алдында «Исламның пайда болуы мен тарихы» тақырыбы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған діни әдебиеттердің қысқаша тізімі тақырыбында буклеттер таратылды.