2022 жылдың 1 тоқсанына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы

2022 жылдың 1 тоқсанына

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің

жұмысы туралы

ақпарат

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Халықты әлеуметтік қорғау шараларымен қамту бойынша нақты жұмыстар жүргізуде.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) көрсетіледі. 2022 жылдың 1 тоқсанына АӘК 270 адамнан тұратын 57 отбасына 6624,12 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді. Сондай-ақ, 2022 жылдың басынан бастап АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 42 балаға  азық-түлік жиынтығы және  гигиеналық құралдар түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.

Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызмет тұтыну шығындары белгіленген норма шеңберінде, бірақ өздері тұратын үйдің жалпы көлемінен аспайтын, тұрғын үйді ұстап тұру мен коммуналдық қызметтік тұтыну шығындары және қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненттеріне байланыс үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне байланысты өтемақы төлемі сол отбасының барлық кірісінің 6 пайызынаң асып кеткен жағдайда тұрғын үй көмегі 20 отбасы оның ішінде 69 адамға 415,7 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына қатерлі ісік және туберкулез аурулары бар адамдарға, мереке күндері, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қажетті пакетті сатып алуға көмек көрсетіледі. Жалпы аталған көмек түрлері жергілікті бюджеттен – 4000,0 мың теңге сомасына 192 адамға көрсетілді.

Мереке күндеріне бір реттік материалдық көмек Наурыз мейрамына 62 адамға 495,0 мың теңге, Халықаралық әйелдер күніне 80 адамға 400,0 мың теңге және Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай 8 адамға 400,0 мың теңге берілді.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының деректеріне сәйкес Приозерск қаласында 1 кварталға 272 мүгедек тіркелген, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер – 33 адам, 2 топтағы мүгедектер – 110 адам, 3 топтағы мүгедектер – 96 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 33.

Ағымдағы жылдың басынан бастап оңалтудың техникалық көмекші құралдарына мүгедектер өтініш жасады және ОЖБ негізінде қамтамасыз етілді:

– сурдотехникалық құралдарға  – 7 адам жүгінді, 5 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 71,4%.

- тифлотехникалық құралдар – 9 адам жүгінді, 3 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 33,3%.

- арнайы қозғалыс құралдарына – 0 адам жүгінді, 0 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді.

- гигиеналық құралдарға  - 33 адам жүгінді, 22 азаматы толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 66,7%.

- санаториялық-курорттық емделу - 36 адам жүгінді, 1 азамат толықтай құралдармен қаматамыз етілді, 28%.

Гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанына республикалық бюджеттен 2032,5 мың теңге, жергілікті бюджеттен  96,2 мың теңге игерілді.

ОЖБ-ға сәйкес 2022 жылдың 1 тоқсанына 7 мүгедек жалпы сомасы 1061,9 мың теңгеге жеке көмекшілермен қамтамасыз етілді.

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша 2022 жылғы 1 тоқсанына мүгедек балаларды  тәрбиелеп отырған  ата – аналарға 5 адам (жыл басынан бастап) 40,8 мың теңге сомасында төленді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж мүгедектер мен қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. 2022 жылдың 1 тоқсанына үйде қызмет көрсетумен 19 адам қамтылды, оның ішінде 2 мүгедек (5 мүгедек бала), 12 зейнеткер.

Жұмыспен қамту бөлімінің ғимаратында пайдаланылған заттарды қабылдау пункті бар, 2022 жылдың 1 тоқсанына 63 аз қамтылған отбасы, мүгедектер мен зейнеткерлер пайдаланылған заттармен қамтамасыз етілді.

 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңына сәйкес, Мемлекет басшысы-Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы "қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62-тармағын орындау үшін мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз орта құру бойынша әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін түгендеу (паспорттау) және бейімдеу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Қала әкімінің 18.02.2017 жылғы № 6 өкімімен Приозерск қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізетін жұмыс тобының құрамы жаңартылды. 2021-2025 жылдары әлеуметтік инфрақұрылымның 54 объектісіне паспорттау жүргізілді, оның ішінде 54 объекті бейімделуге жатады. 54 нысан бейімделді. Есептеу әдістемесіне сәйкес көрсеткіш 100% жетті.

Барлық  паспортталған  объектілер бойынша деректер «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталына енгізілді.

2022 жылы 18 әлеуметтік нысандарды бейімдеу жоспарланған.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін, қала кәсіпкерлері қауымдастығының, бюджеттік ұйымдардың, мешіт пен шіркеу қызметкерлерінің көмегімен мемлекеттен тыс көмек көрсетіледі. Осы жылы бұл жұмыс жалғасын табуда. Бюджеттен тыс қорлардан түрлі мерекелік іс-шараларға көмек көрсетіледі, материалдық, заттай көмек көрсетіледі, сыйлықтар табысталады және басқа да қайырымдылық акциялары ( 8 наурыз,Наурыз мейрамы). 2022 жылдың 1 тоқсанынажалпы сомасы 3100,0 мың теңге көлемінде 525 адам қамтылды.

Бөлімде 2022 жылдың І  тоқсан бойынша келесідей комиссия отырыс мен кездесулер өткізілді:

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды бейімдеу бойынша комиссияның 1 кезекті отырысы өткізілді;

Жалықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның 1 кезекті отырысы өткізілді;

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік серіктестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның 1 кезекті және 1 кезектен тыс отырысы өткізілді;

Приозерск қаласы мүгедектер кеңесінің 1 кезекті отырысы өткізілді;

Приозерск қаласының әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне түгендеу (паспорттау) жүргізетін жұмыс тобының 1 кездесуі өткізілді;

Приозерск қаласы әкімінің жанындағы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі қалалық арнайы комиссияның 1 отырысы өткізілді;

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның 11 отырысы өткізілді.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында 2021 жылы 205 адам жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдірді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 179 адам қамтылды, бұл өтініш білдіргендердің жалпы санынан 87,3% құрайды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына - 18, жастар тәжірибесіне- 18 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 53 адам, алғашқы жұмыс орындары жобасына – 1 адам, қоғамдық жұмыстарға 99 адам жіберілді.

2022 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 18 бағдарлама қатысушының жалақысын 12 ай мерзімге мемлекеттің ішінара субсидиялауы көзделген. Жұмыс берушінің субсидиялары олардың белгіленген жалақы мөлшерінің 35% - ын құрайды, бірақ 30 АЕК артық емес.

Іс жүзінде Ұлттық жобаның 18 қатысушысы (жоспар бойынша 20 адам, яғни 90%) жеке кәсіпкерлерге және қаланың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне жіберілді.

Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жастар тәжірибесіне  8 қатысушы жолданды (жоспар бойынша 40, яғни 112,5%), бір қатысушыға субсидия мөлшері айына 30 АЕК (91 890 теңге) құрайды.

          Қоғамдық жұмыстарға

  • республикалық бюджеттен 10 адамға сомасы 7 200,0 мың теңге бөлінді. Ай сайынғы жалақы 1 адамға 60000 теңгені құрайды.
  • Жергілікті бюджеттен 235 адамға сомасы 83 571,0 мың теңге бөлінді.      2022 жылы қоғамдық жұмыскерлердің жалақысы (мөлшері) 63 750 теңгені, аула сыпырушылардың (мөлшері) 106 250  мың теңгені құрайды.

2022 жылы қоғамдық жұмысқа  99 жұмыссыз азамат жолданды, жоспар 235 адам, яғни 42,1%

  • Алғашқы жұмыс орнына 1 жұмыссыз азамат 12 ай мерзіммен жолданды. Жергілікті бюджеттен 1 жаңа жұмыс орнына  субсидия мөлшері 30 АЕК (91890теңге) құрайды.

2022 жылдың 1 тоқсанында тұрақты жұмыс орындарына 53 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар бойынша 300 адам, 17,6% құрайды.

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2022 жылдың 1 тоқсан  қорытындысы бойынша 787 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

Көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны– 0.

Мемлекеттік корпорация арқылы – 4, атап айтқанда:

«Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 227, атап айтқанда:

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны– 542 мемлекеттік қызмет:

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –13.

2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша 16 өтініштен себепті бас тарту болды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына  шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған және жұмыспен қамту бөлімі мен орталығында жеке-жеке өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен қамтылған.

 «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), https://m.vk.com/ozsp2018, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

«Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арылы 2 тікелей эфир өткізілді (117 адам қамтылды).

300-қа жуық ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;

1 бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді (48 адам келді).

Сонымен қоса, жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 5 мақала жарияланды:

  • «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер» (28.01.2022 жыл № 04/752);
  • «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы» » (28.01.2022 жыл № 04/752);
  • «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру туралы» (05.03.2021 жыл № 05/705);
  • «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» (18.02.2022 жыл № 07/755);
  • «Портал социальных услуг» (25.03.2022 жыл № 12/760);
  • «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру» (25.03.2022 жыл № 12/760);

 

Дата публикации
05 апреля 2022