«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған. Портал арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық оңалту құралдарын мен әлеуметтік қызметтерді өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

2021 жылдық қорытындысы бойынша Приозерск қаласында 158 мүмкіндігі шектеулі жанға техникалық оңалту құралдары алынып, әлеуметтік қызмет көрсетілді. Атап айтсақ, санаторлық-курорттық емге 35, протездік-ортопедиялық құралдарға 16, сурдотехникалық құралдарды 2, тифлотехникалық құралдарды 4, арнайы жүру құралдарын 7, жеке көмекшінің қызметін 13, гигиеналық құралдарды 81 адам алды.

2022 жылы әлеуметтік қызметтер порталында техникалық оңалту құралдарына тапсырыс беру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің көмегімен, қызмет алушының ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда пайдалана алады.

Порталдың жұмысы бойынша келесі мекенжай бойынша кеңес алуға болады: Балқаш к-сі, 5, "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, каб. 101 немесе 5-49-40 телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

Дата публикации
09 февраля 2022