2021 жылдың І тоқсанда көрсетілген мемлекетік қызметтер

Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2020 жылдың 17 қазан айынан бастап мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес 18 мемлекеттік қызмет көрстеіледі.

2021 жылдың І тоқсан  қорытындысы бойынша 416 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

  1. Қызмет көрсетушімен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді есептемегенде) қағаз жүзінде көрсетілгендер саны – 0.
  2. Қызмет көрсетушімен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгенді есептемегенде) қағаз жүзінде, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін мемлекеттік қызметтер саны – 0.
  3. Мемлекеттік корпорация арқылы – 35.
  4. «Электронды үкімет» веб-портал арқылы – 378.
  5. Проактивті – 3 мемлекеттік қызмет.

І тоқсан қорытындысы бойынша 10 өтініштен себепті бас тарту болды.

Ағымдағы жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына  шағым түскен жоқ.

Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында І тоқсанда келесідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында (http://ozsp-priozersk.gov.kz/), https://m.vk.com/ozsp2018, Facebook, Инстаграм әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар жарияланады.

  • А.ж. 17 наурыз күні «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша комиссия отырысы өткізілді.
  • 2021 жылдың 20 қаңтар және 26 ақпан айларында «Адал көмек» бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында, интернет желілері арылы 2 тікелей эфир өткізілді (259 адам қамтылды).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттар бөлімнің кіре берісінде 4 стенд және 1 баннер, жұмыспен қамту орталығында 3 ақпараттық стенд орналастырылған;

  • 84-тен аса ақпараттық парақшалар мен кітапшалар таратылды;
  • 1 бос орындар және мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді (21 адам қатысты).
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттары бойынша, қызмет алушының құқықтарын түсіндіру бойынша 2 семинар өткізілді (15 адам қамтылды).
  • Бөлімде әр айдың бірінші сәрсебісінде «Ашық есік күні» өтеді.

Жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 3 мақала жарияланды:

  • «Тұрғын үй көмегін тағайындау» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет (05.02.2021 жыл № 05/701);
  • «Мемлекеттік қызметтер электронды форматқа көшті» (12.02.2021 жыл № 05/702);
  • «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру туралы» (05.03.2021 жыл № 05/705).
Дата публикации
02 апреля 2021