Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: кімдерге беріледі және қалай рәсімделеді?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек: кімдерге беріледі және қалай рәсімделеді?
Қазақстан Республикасында аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалады. Бұл көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен болған жағдайда беріледі.
Кімдер ала алады?
АӘК-ті Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар және тұрақты тұратын шетел азаматтары ала алады. Негізгі шарт — отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс белгіленген кедейлік шегінен аспауы тиіс. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыспен қамту шараларына қатысуға міндетті.
Қандай құжаттар қажет?
Атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
• Жеке куәлік;
• Отбасы құрамы туралы мәлімет;
• Табыс туралы анықтамалар (жалақы, жәрдемақы, алимент және т.б.);
• Банктік шот нөмірі;
• Қажет болған жағдайда қосымша растайтын құжаттар.
Өтінішті тұрғылықты мансап орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар.
Мемлекет тарапынан көрсетілетін бұл көмек — қиын жағдайға тап болған отбасыларға нақты қолдау болып табылады.
Толық ақпарат алу үшін 5-26-94 нөміріне хабарласуға немесе Балқаш көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан Мансап орталығына жүгінуге болады.