Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдау

Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді:

біріншіден, бұл ақшалай төлем;

екіншіден, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, шағын несие беруге, тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру;

үшіншіден, мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, заң кеңесін өткізу, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін алуға жәрдемдесу, тұрғын үй беру үшін және балабақшаларға кезекке қою, сондай-ақ әйелдер консультацияларында есепке алу және өзге де шаралар (секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және мектеп жасындағы балалар үшін тегін тамақтану)

төртіншіден, табысы аз отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама (азық- түлік жиынтығымен және тұрмыстық химия жиынтығымен қамтамасыз ету; оқу орны бойынша тегін тамақтануды, мектеп формасы мен мектеп керек- жарақтарын, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді ұсыну).

АӘК 2 түрге жіктеледі : шартсыз және шартты ақшалай көмек.

  1. Шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ отбасыларға беріледі (үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарды күтуді жүзеге асырады).

Шартсыз ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

  1. Шартты ақшалай көмек өз құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған және әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған жағдайда көрсетіледі. Әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 3 ай.

Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім-шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді.

АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс.

Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады:

- шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін;

- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі;

- әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.

Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2021 жылдың 1 тоқсанына орта есеппен 22 621 теңге болып белгіленді .

Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен өңірлерде отбасының әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Документы
Ақпарат
29 июля 2024
"Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Ақпарат
21 июня 2024
2024 жылдың 17 маусымы жағдайы бойынша мүгедектігі бар адамдарға көрсетілген әлеуметтік көмектер бойынша ақпарат
Ақпарат
21 июня 2024
  Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды бейімдеу бойынша комиссияның 2024 жылдың І тоқсанына атқарылған жұмысы туралы есебівартал 2024 года
Новости
Полезные материалы
Наурыз мейрамына орай, «Қайырымды ұлт» акциясы ұйымдастырылды
Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?
Бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүмкіндігі шектеулі балаларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен қарт адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
Медиагалерея
1
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы