Меню

Страницы

Статья

АҮК бойынша ақпарат

Осакаров ауданының аудандық үшжақты комиссиясы Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде 2009 жылдан бастап жұмыс істейді, комиссия құрамында 15 адам кіреді: аудандық органдардан, кәсіподақтар және жұмыс берушілер өкілдерінен  әрқайсысы 5 адамнан.

         Отырыстарда  аудандық Келісімнің орындалуына қатысты мәселелер, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі, бизнес ортаны жақсарту жөніндегі шаралар және басқа мәселелер қарастырылады.

        Осакаров ауданының әкімі, аудандық кәсіподақтар (жұмыскерлер) бірлестіктері және ауданның  жұмыс берушілері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған аудандық келісім 2024 жылдың 29 мамырында жасалды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес ауданда 460 ұйымдар бар, оның ішінде: 1 – ірі ұйым (аудандық аурухана), 7 – орта ұйымдар (оның ішінде 5 мем. ұйымдар), 452 – шағын ұйымдар (оның ішінде 93 мем.ұйымдар). Аудан бойынша тәуекел картасына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жоқ.

Барлық кәсіпорындарда қызметкерлерге қолайлы жағдай жасалған. Еңбекақы уақытылы төленеді, осы мәселе бойынша жұмысшылардан арыз-шағымдар, сондай-ақ аудан кәсіпорындарында алдағы жұмысшыларды қысқарту туралы хабарламалар түскен жоқ.

Жұмыс берушілердің жалақысы мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Жалақы және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздар жоқ.

Жалақы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша борышкерлер тізіліміне (Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты) сәйкес, жалақы, зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша бойынша берешегі бар жұмыс берушілер жоқ.

45 білім беру мекемесінде, 1 денсаулық сақтауда, 1 мәдениетте, 21 кәсіпорында (9 шаруа қожалығы, 10 ЖШС, 2 қала құраушы кәсіпорын) ұжымдық шарт жасалды.

Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдайды.

"Kazakhmys Coal" ЖШС, Қаныш Сәтбаев атындағы Канал қала құраушы кәсіпорындарында жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кәсіподақтармен бірлесіп еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрды, олар техникалық инспекторлармен бірлесіп ай сайын жұмыс Жоспарына сәйкес тиісті жұмыс атқарады.

Кәсіпорындардағы кәсіподақтар еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. ҚР еңбек заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша кәсіпорын қызметкерлерімен тұрақты негізде семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Әлеуметтік әріптестік тараптары бұдан әрі де өз мүдделерін іске асырып, ұстанымдарын үйлестіретін болады.

Дата публикации
04 марта 2024
Дата обновления
27 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 сентября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама
Баспасөз релиздері
23 января 2025
Бөлімнің Ережесін бекіту туралы
Ақпарат
05 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы