2025 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

2025 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Бөліммен мемлекеттік қызметтердің 17 түрі көрсетіледі. Жыл басынан бері 1331 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 596 қызмет, ЭҮП арқылы – 355 қызмет көрсетілді.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін бөлімде Мемлекеттік қызметтер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стенділермен жарақтандырылған үй-жайларда көрсетіледі, бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған (сыртқы пандус, жылжымалы пандус, тактильді тақталар мен тақтайшалар, шақыру түймелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған көрсеткіштер және т.б.).

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Бөлімнің ресми интернет-ресурсында бөлімнің жұмысы туралы тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, қағидалар), есептер орналастырылған. Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Бөлімде аппараттық кеңестерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жұмысты жақсарту мақсатында бөлім басшысы қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі және /немесе электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Дата публикации
27 января 2026