«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

«Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі бойынша

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША

АНЫҚТАМА

 

Осакаровка кенті                                                2025 жылғы 12 маусым

  

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6 және 8-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №21-ө бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамыр мен 27 маусым аралығында бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2024 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Бөлім) қызметінде басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді зерделеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

 

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  1. Бөлім

Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 ақпандағы №14/01 қаулысымен (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) бекітілген Бөлімнің Ережесін зерделеу барысында Бөлімнің қызметіне қатысты функциялар және осы функцияларға байланысты нормативтік құқықтық актілер талданды. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі («Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы,  және өзге де Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері.

 

Ішкі талдау бөлімінің  2024 жылға арналған ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне келесі бағыттар қамтылды:

 

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 7 адам,үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде азаматтық қызметшілер - 55,47 штаттық бірліктү құрайды.

Бөлімнің нақты жұмыскерлер саны:

Бөлімде нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер саны – 7 адам, оның 1-еуі – декреттік демалыста.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің азаматтық қызметшілерінің нақты саны – 55 адам, оның ішінде 4 қызметкер – декреттік демалыста.

Бос  лауазымдар: Мемлекеттік қызмет бойынша –1 бірлік,

Азаматтық қызмет бойынша – 4 бірлік (әлеуметтік қызметкерлер).

Кадрлардың ауысуы:

  1. Мемлекеттік қызметшілер бойынша – 1 адам: бас маман Өскеев А.Б. өз еркімен жұмыстан босатылды, ол «Бөлім» басшысының 2024 жылғы 30 шілдедегі №23-л бұйрығымен рәсімделген.
  2. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің азаматтық қызметшілері бойынша – 2 адам:   

– Бөлім басшысының 2024 жылғы 1 қазандағы №42 бұйрығына сәйкес, әлеуметтік қызметкер Медведева И.В. өз еркімен жұмыстан босатылды.

– Бөлім басшысының 2024 жылғы 1 қарашадағы №29 бұйрығына сәйкес әлеуметтік қызметкер Шалабаева К.Ж. зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылды.

Теріс себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Бөлімдегі барлық мемлекеттік және азаматтық қызметшілер атқарып отырған лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес келеді.
Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін тексеру барысында — жақын туыстары, жұбайлары немесе құдалары тікелей бағыныстылықта қызмет атқаратын жағдайлар анықталған жоқ.

 

 Мемлекеттік сатып алулар:

Бөлімде барлық әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Барлық есептілік түрлері (статистикалық деректер, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті электрондық платформалар арқылы уақтылы және толық көлемде ұсынылады.

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы және басқа нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

2024 жылы жалпы сомасы 49538,4 мың теңгеге 73 келісімшарт жасалды, олардың ішінде:

Баға ұсыныстары бойынша –жалпы сомасы 18566,2 мың теңгеге 16 келісімшарт

Бір дереккөзден тікелей тәсілмен –жалпы сомасы 2445,9 мың теңгеге 8 келісімшарт

Бір дереккөзден табысты өтпеген сатып алулар бойынша –жалпы сомасы 3627,7 мың теңгеге 16 келісімшарт

Негіздемелік келісімшартты пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңі –жалпы сомасы 2148,4 мың теңгеге 5 келісімшарт

Электрондық дүкен арқылы –жалпы сомасы 3132,7 мың теңгеге 22 келісімшарт

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы сомасы 19617,5 мың теңгеге 6 келісімшарт жасалды. Бұл келісімшарттар келесі қызметтерді қамтиды:(инватакси қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың қызметтері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығы,бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар мен пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру және оңалту орталығы, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі болу бөлімшесі).

Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған келісімшарттар шеңберінде жеткізушілердің өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты 5 келісімшарт бойынша 657 теңге 32 тиын мөлшерінде айыппұл (неустойка)      өндірілді. Гарантиялық міндеттемелер келісімшарттарға сәйкес орындалуда.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалған тәртіп пен нысанға сәйкес нақтыланып, бекітіледі. Есептік кезең ішінде жоспарға тиісті өзгерістер енгізіледі.Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен келісімшарттар уақытылы жасалады.

Бекітілген жылдық жоспарға кірмейтін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында аффилирленгендік фактілері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушілер мен бөлім басшылығының жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тарапынан қатысу деректері анықталған жоқ.

Қызметтік тұлғаларға қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мадақтау шараларын қолдану:

Мадақтау тәжірибесін қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне (Наурыз мейрамы, Мемлекеттік қызметшілер күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) орай мамандарды сыйақымен марапаттау туралы бұйрықтар зерделенді.

Зерделеу нәтижесінде, сыйақы төлемдері мемлекеттік мерекелерге орай жүзеге асырылғаны және олар сыйақы беру қағидаларына сәйкес (бюджет қаражатының белгілі бір бағыттарындағы үнем есебінен) төленгені анықталды.

2024 жылы сыйақы беру 4 рет жүргізілді.

 

Тәуекел атауы: жыл ішінде көтермелеу шараларының (сыйақы төлеу) аз болуына байланысты кадрлардың ауысу ықтималдығы туындайды.

Оны болдырмау бойынша ұсынымдар: жеке құрамды көтермелеу шараларының жұмыстың нәтижесіне сәйкес қолданылуын тұрақты түрде бақылап отыру қажет.

 

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2024 жылы Бөлім тарапынан 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.Мемлекеттік қызметтер бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Барлық мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

  • жылы барлығы 1447 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 753, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы – 294, ақпараттық жүйелер арқылы – 9, Мемлекеттік орган арқылы тікелей – 391.

Халық арасында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері:

-Еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту – 590,

-Жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 373.

 

Көрсетілген есептік кезең ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат мекеме ғимаратының фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Халықтың мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Бөлімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады.

Бөлім мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 2 бірлік.

 

Әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қызметін зерделеу барысында нормативтік құқықтық актілерді талдау кезінде стандарттар нормалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер арасындағы сәйкессіздіктер анықталды. Бұл сәйкессіздіктер көрсетілетін мемлекеттік қызметке қажетті құжаттарды ұсыну бөлігінде орын алған.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Үй күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

 

Жалпы ақпарат:

Қызмет көрсету келесі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады:«Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы (бұдан әрі – Қағидалар); «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы (бұдан әрі – Стандарт).

2024 жылы мемлекеттік қызметтердің 29 түрі көрсетілді, оның ішінде:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 2, Электрондық үкімет порталы (ПЭП) арқылы – 26, – «Е-Sobes» ақпараттық жүйесі арқылы – 1.

Тәуекел атауы: Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер арасындағы нормалардың өзара қайшылығы.

Тәуекел сипаттамасы: Қағидалардың 12-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін:

әлеуметтік қызметкер көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді және тиісті қорытынды дайындайды;

көрсетілетін қызметті берушінің  маманы  мүгедектігі бар адамның, қарт адамадрдың тұрақты мекенжайына 5 жұмыс күні ішінде барады  және тексеру жүргізілгеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй жіне материалдық тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды. 

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысы мен тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және «Әлеуметтік қызметтер порталы» (http://aleumet.egov.kz) арқылы үй жағдайында қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін авторизациялау және таңдаудың қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Алайда, Қағидалардың 5-тармағына сәйкес, құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мерзімі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнін құрайды.

Сонымен бірге, Қағидаларда көзделген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, іс жүзінде көрсетілетін қызметтің толық мерзімі 22 (жиырма екі) жұмыс күнін құрайды.

Стандарттың 8-тармағына сәйкес, өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес (5) жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамдардың немесе қарт адамның тұратын жеріне барады және Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды.

Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі тексеру жүргізілген күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

Аталған актіні алған күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір (1) жұмыс күні ішінде, қызмет көрсетілетін тұлғаның тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға құжаттарды ресімдеу туралы, сондай-ақ «Әлеуметтік қызметтер порталы» (http://aleumet.egov.kz) арқылы үй жағдайында қызмет көрсетуді ұйымдастыруды авторизациялау және таңдау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

 

Стандартта қызмет көрсету мерзімінің жалпы ұзақтығы реттелмеген. Алайда, Стандартта көзделген іс-қимыл алгоритміне сәйкес, қызмет көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күнін құрайды.

Оны жою жөніндегі ұсынымдар: Аудан әкімдігіне Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдау.

Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны – жоқ.

 

  1. Бөлімде рұқсат беру функциялары қарастырылмаған.

5.Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары қарастырылмаған.

6.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер анықталған жоқ.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке байланысты іске асыру барысында анықталған тәуекелдер саны – 2 (екі) бірлік.

 

 

  1. «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

 

Жалпы ақпарат:

Құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген өтініш пен құжаттар қабылданғаннан кейін, көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметкер 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жұмыстарын жүргізеді.

Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды.

Тәуекелатауы:

Қызмет көрсету қажеттілігін анықтау және бағалау барысында әлеуметтік қызметкердің сапасыз қорытынды шығару қаупі.

Оны жою жөніндегі ұсынымдар:

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 12 және 13-тармақтарына әлеуметтік қызметкерді консультантпен ауыстыру бқлігінде  өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілген  және бұл мәселені  бөлімге ерекше бақылауға алу тапсырылсын.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

 

2024 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, бөлімге Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы 4 өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан - 2, заңды тұлғалардан – 2. Қарау қорытындысы бойынша барлық 4 өтініш қанағаттандырылды, түсіндірмелер берілген жоқ (0), бас тарту фактілері тіркелген жоқ (0), басқа мемлекеттік органдарға жолданған жоқ (0).

Бөлім басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша күн сайын қабылдау кестесін бекітті, қабылдау бөлім ғимаратында жүргізіледі.

Өтініштердің жалпы санынан шағымдар түскен жоқ. Қайталанған және жасырын өтініштер болған жоқ.

Бөлімге келіп түскен барлық өтініштерге қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде, негізделген түсіндірме сипатындағы жауаптар берілді.

Өтініштерді қарау барысында мерзімдердің бұзылуы немесе негізсіз ұзартылуы орын алған жоқ.

Құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін жағдайларды алдын алу мақсатында бөлімде «сенім телефоны» (4-14-73) ұйымдастырылып, тұрақты жұмыс істейді. Бұл нөмір арқылы азаматтар құқыққа қайшы фактілер туралы хабарлай алады.

Сондай-ақ, бөлім ғимаратының бірінші қабатындағы фойеде азаматтардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшік орнатылған.

Бөлім басшысы азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіткен.

 

Тексерулер:

2024 жылы бақылау-қадағалау органдары тарапынан бөлімге қатысты тексерулер жүргізілген жоқ.

 

 Сот актілері (саны , қандай мәселер бойынша)

 Талдау кезеңінде бөлім тарапынан сотқа талап арыздар берілген жоқ.

Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілді. Зерттеліп отырған кезеңде теріс сипаттағы жарияланымдар анықталған жоқ.

 

II. Қорытынды

Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар:

          – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдардың талаптарын бөлім қызметкерлерінің қатаң сақтауын қамтамасыз ету;

           – Бөлім қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізу, бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қызмет көрсету мәдениетін арттыру;

          – Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдігіне нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиісті ұсыныстар енгізу;

           Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына толық сәйкестікпен жүзеге асыру;

         – Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.

 Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:

қызметкерлердің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Заңдардың талаптарын тиісінше сақтауын қамтамасыз ету;

бөлім қызметкерлері арасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізуді жалғастыру. Бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізу;

азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын қатаң басшылыққа алады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

Осакаров ауданының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің қызметіндегі сыбайлас

жемқорлық тәуекелдеріне ішкі

талдау жүргізу жөніндегі жұмыс

тобының басшысы                                                               А.Тулеуова

СПРАВКА ПО РЕЗУЛЬТАТАМ ВНУТРЕННЕГО АНАЛИЗА КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ
Дата публикации
02 июля 2025