Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

Ағымдағы жылдың 19 мамырынан 27 маусым аралығында «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –не сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысын жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған.

Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса  8-72149-52171 телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе ozisposak@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыздар.

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс
Дата публикации
30 апреля 2025