2024 жылы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету есебі
Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес бөліммен мемлекеттік қызметтердің 16 түрі көрсетіледі, барлығы автоматтандырылған. 2024 жылы 1447 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы - 753, ЭҮП арқылы – 303 қызмет көрсетілді.
Халыққа мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін бөлімде мемлекеттік қызметтер қажетті ұйымдастыру техникасымен және ақпараттық стендтермен жарақтандырылған үй-жайларда көрсетіледі, бөлім ғимаратында мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған (сыртқы пандус, жылжымалы пандус, тактильді тақталар мен тақтайшалар, жиналмалы және стационарлық тұтқалар, шақыру түймелері, мүгедек адамдарға арналған көрсеткіштер және т. б.).
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бөлімнің ресми интернет-ресурсында бөлімнің жұмысы туралы тиісті нормативтік-құқықтық актілер (стандарттар, қағидалар), есептер орналастырылған. Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Бөлімде аппараттық кеңестерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша жұмысты жақсарту мақсатында бөлім басшысы қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен қағидаларының негізгі ережелерін түсіндіру, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ дәстүрлі және /немесе электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 2024 жылы халықпен 40 – тан астам көшпелі кездесу өткізілді (қамту-1940 адам).