Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметі «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы негізінде көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға немесе мүгедектігі бар адамның тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне өтінішпен және мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді

         Қызмет автоматтандырылған және «Е-әлеуметтік қызметтер» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі. Өтініштер «Е-әлеуметтік қызметтер» ақпараттық жүйесінде қабылданады, онда жауапты маман оларды қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға арналған Әлеуметтік қызметтер порталына жолдайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушы «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарына дербес тапсырыс береді.

         Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.

     Көрсетудің нәтижесі мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

Дата публикации
17 июня 2026