ҚазақстанРеспубликасыныңСыбайласжемқорлыққақарсыісқимылтуралыЗаңының 6 және 8-баптарынасондайақҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікқызметістеріжәнесыбайласжемқорлыққақарсыісқимылагенттігіТөрағасының 2016 жылғы 19 қазандағыбұйрығыменбекітілгенСыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізуқағидаларынасәйкесОсакаровауданыныңжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімімемлекеттікмекемесібасшысының 2026жылғы20маусымдағы №12өбұйрығынасәйкес, 2026жылғы28мамырмен8шілдеаралығындабөлімніңқызметіндегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізілді
Талдаукезеңі: 2025жылыжәне 2026 жылдың 5 айы
СыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізужөніндегіжұмыстобыОсакаровауданыныңжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімімемлекеттікмекемесінің (бұданәріБөлім) қызметіндебасшылыққаалынатыннормативтікқұқықтықактілерменқұқықтықактілердізерделеді
Сыбайласжемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаукелесібағыттарбойыншажүргізілді
1. Бөлімніңқызметінеқатыстынормативтікқұқықтықактілердегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінанықтау
2. Бөлімніңұйымдастырушылықбасқарушылыққызметіндегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінанықтау
Бөлімніңқызметінеқатыстынормативтікқұқықтықактілердегісыбайласжемқорлықтәуекелдерінанықтау
1. Бөлім
Осакаровауданыәкімдігінің 2026жылғы27наурыздағы №26/01 қаулысымен (өзгерістерментолықтырулардыескереотырып) бекітілгенБөлімніңЕрежесінзерделеубарысындаБөлімніңқызметінеқатыстыфункцияларжәнеосыфункцияларғабайланыстынормативтікқұқықтықактілерталдандыАтапайтқанда
ҚазақстанРеспубликасыныңЕңбеккодексіҚазақстанРеспубликасыныңНеке (ерлізайыптылық) жәнеотбасытуралыкодексіҚазақстанРеспубликасыныңӘлеуметтіккодексіҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілікрәсімдікпроцестіккодексіҚазақстанРеспубликасыныңСалықкодексі («Салықтаржәнебюджеткетөленетінбасқадаміндеттітөлемдертуралы»), ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіккөрсетілетінқызметтертуралызаңыҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіксатыпалутуралызаңыҚазақстанРеспубликасыныңСыбайласжемқорлыққақарсыісқимылтуралызаңы жәнеөзгедеҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарымензаңғатәуелдінормативтікқұқықтықактілері
Ішкі талдау бөлімінің 2025 жылға және 2026 жылдың 5 айына арналған ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне келесі бағыттар қамтылды:
1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы
Мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны – 7 мемлекеттік қызметкерлерді құрайды.
Бөлімде нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер саны – 7 адам (мемлекеттік қызметкерлер).
Теріс себептермен жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
Бөлімдегі барлық мемлекеттік және азаматтық қызметшілер атқарып отырған лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес келеді.
Бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.
2. Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін тексеру барысында — жақын туыстары, жұбайлары немесе құдалары тікелей бағыныстылықта қызмет атқаратын жағдайлар анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алулар:
Бөлімде барлық әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Барлық есептілік түрлері (статистикалық деректер, бухгалтерлік баланс, түгендеу, салық есептілігі) тиісті электрондық платформалар арқылы уақтылы және толық көлемде ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы және басқа нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
2025 жылы жалпы сомасы 30283,5 мың теңгеге 53 келісімшарт жасалды, олардың ішінде:
- баға ұсыныстары бойынша –жалпы сомасы 5039,4 мың теңгеге 31 келісімшарт,
- бір дереккөзден тікелей тәсілмен –жалпы сомасы 4601,1 мың теңгеге 13 келісімшарт,
- электрондық дүкен арқылы –жалпы сомасы 2604,6 мың теңгеге 2 келісімшарт,
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы сомасы 18038,4 мың теңгеге 4 келісімшарт жасалды. Бұл келісімшарттар келесі қызметтерді қамтиды:(инватакси қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталықтың қызметтері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар мен пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру және оңалту орталығы).
Мемлекеттік сатып алулар бойынша жасалған келісімшарттар шеңберінде жеткізушілердің өз міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты 2 келісімшарт бойынша 8700 мың теңге мөлшерінде айыппұл (неустойка)өндірілді. Гарантиялық міндеттемелер келісімшарттарға сәйкес орындалуда.
2026 жылдың 5 айында жалпы сомасы 27040,0 мың теңгеге 35 шарт жасалды, оның ішінде:
- баға ұсыныстары бойынша-жалпы сомасы 4827,3 мың теңгеге 23 шарт,
- бір көзден тікелей тәсілмен-жалпы сомасы 1781,0 мың теңгеге 4 шарт,
- электрондық дүкен-жалпы сомасы 2821,5 мың теңгеге 2 шарт,
- ашық конкурс – жалпы сомасы 383,0 мың теңгеге 3 шарт,
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – жалпы сомасы 17227,0 мың теңгеге 3 шарт (инватакси, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар мен пробациялық бақылауда тұрған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру және оңалту орталығы).
Өнім берушілердің олармен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу жоқ.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалған тәртіп пен нысанға сәйкес нақтыланып, бекітіледі. Есептік кезең ішінде жоспарға тиісті өзгерістер енгізіледі.Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен келісімшарттар уақытылы жасалады.
Бекітілген жылдық жоспарға кірмейтін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында аффилирленгендік фактілері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті жеткізушілер мен бөлім басшылығының жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тарапынан қатысу деректері анықталған жоқ.
Қызметтік тұлғаларға қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Мадақтау шараларын қолдану:
Мадақтау тәжірибесін қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне орай мамандарды сыйақымен марапаттау туралы бұйрықтар зерделенді.
Зерделеу нәтижесінде, сыйақы төлемдері мемлекеттік мерекелерге орай жүзеге асырылғаны және олар сыйақы беру қағидаларына сәйкес (бюджет қаражатының белгілі бір бағыттарындағы үнем есебінен) төленгені анықталды. 2025 жылы сыйақы беру 5 рет жүргізілді, 2026 жылдың 5 айында – 2 рет.
Тәуекел атауы: жыл ішінде көтермелеу шараларының (сыйақы төлеу) аз болуына байланысты кадрлардың ауысу ықтималдығы туындайды.
Оны болдырмау бойынша ұсынымдар: жеке құрамды көтермелеу шараларының жұмыстың нәтижесіне сәйкес қолданылуын тұрақты түрде бақылап отыру қажет.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2024 жылы Бөлім тарапынан 16 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілді.Мемлекеттік қызметтер бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
2025 жылы барлығы 1331 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 596, электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы – 355.
Халық арасында ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері:
-Еңбек иммигранттарына рұқсаттарды беру және ұзарту – 580,
-Жергілікті өкілді органдардың шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 393.
Жыл басынан бері 1076 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 67 қызмет, ЭҮП арқылы – 344 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген есептік кезеңдерде ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі туралы ақпарат мекеме ғимаратының фойесінде орналастырылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Халықтың мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Бөлімнің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады.
Бөлім мамандарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны – 1 бірлік.
Әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қызметін зерделеу барысында нормативтік құқықтық актілерді талдау кезінде стандарттар нормалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер арасындағы сәйкессіздіктер анықталды. Бұл сәйкессіздіктер көрсетілетін мемлекеттік қызметке қажетті құжаттарды ұсыну бөлігінде орын алған.
"Стационар, жартылай стационар және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Бұл қызмет "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығы (бұдан әрі - Қағидалар) және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) бұйрығы негізінде көрсетіледі.
Тәуекел атауы: қызмет көрсету мерзімдері мен іс-қимыл алгоритмі бөлігінде НҚА-да қайшылықтар бар.
Тәуекелдің сипаттамасы: Қағидалардың 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттар қабылданғаннан кейін:
11. Көрсетілетін қызметті берушінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік қызметкер 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді.
Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мүгедектігі бар адамның, қарттың тұратын жеріне 5 (бес) жұмыс күні ішінде барады және тексеру жүргізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылдайды.
13. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарылғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды ресімдеу туралы және стационар, жартылай стационар жағдайларында және әлеуметтік қызметтер порталында үйде ұйымды авторизациялау және таңдау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді (http://aleumet.egov.kz).
Бұл ретте Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. Ережеде келтірілген іс-қимыл алгоритмі бойынша қызмет көрсету мерзімі 23 жұмыс күнін құрайды.
Стандарттың 8-тармағына сәйкес:
Стандартта көрсетудің жалпы мерзімі реттелмеген. Стандарттың 8 тармағына сәйкес келтірілген алгоритм бойынша қызмет көрсету мерзімі 12 жұмыс күнін құрайды:
8. Өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адамдардың, қарттың тұратын жеріне барады және тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін жасайды.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі тексеру жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жасалады.
Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім қабылданады.
Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды авторизациялау және таңдау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді (http://aleumet.egov.kz).
Стандартта әлеуметтік қызметкердің арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау процесі реттелмеген, ал Ережелерде бұл процедура белгіленген
Сондай-ақ, осы қызмет бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты тәуекелдер бар
Қағидалардың 11-тармағына сәйкес әлеуметтік қызметкер 10 (он) жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және айқындауды жүргізеді.
Тәуекел атауы: жүгінген көрсетілетін қызметті алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттілігін айқындау және бағалау кезінде әлеуметтік қызметкердің сапасыз шешім шығаруы бөлігінде.
Оны жою жөніндегі ұсынымдар: Қағидалардың 11-тармағына Әлеуметтік қызметкерді консультантқа ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізу.
Анықталған жасырын мемлекеттік қызметтер саны – жоқ.
4. Бөлімде рұқсат беру функциялары қарастырылмаған.
5.Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары қарастырылмаған.
6.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер анықталған жоқ.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке байланысты іске асыру барысында анықталған тәуекелдер жоқ.
Тәртіптік жазалар:
Бөлімде талданып отырған кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін-3 мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік қызметшілерде соттылық жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге айыппұлдар-2.
Барлық мемлекеттік қызметшілер кірістер мен мүлік туралы декларацияларды уақытында тапсырды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2025 жылы өткен жылы "Е-Өтініш" АЖ арқылы келіп түскен өтініштер саны - 27. Барлық өтініштер уақтылы қаралды. Мерзімдерді бұзу жоқ. 2026 жылдың басынан-8 өтініш.
Өтініштердің жалпы санынан шағымдар түскен жоқ.
Қайталанған және жасырын өтініштер болған жоқ.
Бөлім басшысы жеке мәселелер бойынша (күн сайын) азаматтарды қабылдау кестесін бекітті, ол бөлім ғимаратында орналасқан.
Бөлімге келіп түскен барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімде түсіндірме сипаттағы жазбаша дәлелді жауаптар берілді.
Мерзімдерді асыра және ұзарта отырып өтініштерді қарау жоқ.
Құқық бұзушылықтарға ықпал етуі мүмкін жағдайларды алдын алу мақсатында бөлімде «сенім телефоны» (4-14-73) ұйымдастырылып, тұрақты жұмыс істейді. Бұл нөмір арқылы азаматтар құқыққа қайшы фактілер туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, бөлім ғимаратының бірінші қабатындағы фойеде азаматтардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшік орнатылған.
Бөлім басшысы азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіткен.
Тексерулер:
Талдау кезеңінде бөлім тарапынан сотқа талап арыздар берілген жоқ.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілді. Зерттеліп отырған кезеңде теріс сипаттағы жарияланымдар анықталған жоқ.
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар:
– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдардың талаптарын бөлім қызметкерлерінің қатаң сақтауын қамтамасыз ету;
– Бөлім қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізу, бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қызмет көрсету мәдениетін арттыру;
– Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша аудан әкімдігіне нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы тиісті ұсыныстар енгізу;
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына толық сәйкестікпен жүзеге асыру;
– Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.