«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ бойынша 2026 жылғы 2 тоқсандағы
мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы
жұмыс қорытындысының есебіне
аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2020 ж. № 39/НҚ бекітілген бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімі» КММ 17 қызмет түрін көрсетеді:
3.тЖергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
6.Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды ресімдеу;
13.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
14.Тұрғын үй көмегін тағайындау;
16.Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
17.Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.
Ағымдағы жылдың 2-тоқсанында 447 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 49;
10.Мүгедектігі бар балалардыүйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу –1;
«Электрондық үкімет» порталы арқылы барлығы 447 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Ағымдағы жылдың 15 және 30 сәуірінде мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://www.facebook.com/share/p/1Cw8kiKPi2/.,https://www.facebook.com/share/p/1EMvFmKTmm/.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында Ғабит Мүсірепов атындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі интернет-конференция өткізді.https://www.facebook.com/share/p/1BRjv52dJc/
БАҚ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» атты 1 мақала жарияланды, («Есіл өңірі» №21 25.05.2026 ж.), «Ғабит Мүсірепов ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау және оларға әлеуметтік көмек мөлшерін белгілеу қағидалары» «Новости Приишимья» №22 01.06.2026 ж.).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтерді мерзімдерді бұзбай, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелеріне сәйкес көрсетеді.
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Бөлім басшысы: Б.Әмрина
А.Альмуканова
( 8(71535)21357
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының
2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы маслихаты шешіміне
салыстырмалыкесте
|
№р/с |
Құрылымдықэлемент |
Бұрынғы редакция |
Жаңа редакция |
Негіздеме |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары |
||||
|
1
2
3
4
5 |
7 -тармақ
10 -тармақ
11-тармақ
12-тармақ
27-тармақ
|
7. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шектімөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмеккежүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлейзілзаласалдарынаназаматқа (отбасына) не оныңмүлкінезиян келуі; 2) өртсалдарынаназаматқа (отбасына) не оныңмүлкінезиянкелуі; 3) әлеуметтікмәні бар сырқатыныңболуы; 4) республикалық бюджет туралызаңментиістіқаржыжылынабелгіленгенбіреңтөменгікүнкөрісдеңгейіненаспайтынжанбасынашаққандағыорташатабыстыңболуы. Дүлейзілзаланемесеөртсалдарынанмүліккезиянкелгендеәлеуметтік көмекменшікиесініңтіркелгенжерінеқарамастанзиянтигенмүлікорналасқан жербойыншакөрсетіледі.
10. Әлеуметтіккөмекжекетұлғаның (отбасының) жанбасынашаққандағыорташатабысыескерілмеймұқтажазаматардыңкелесісанаттарынакөрсетіледі: 1) азаматтарға (отбасыларға), дүлейзілзаласалдарынаназаматтарға (отбасыларға) немесеолардыңмүлкінезиянкелгенібойыншажағдайтуындаған сәттенбастап, өтінішкөрсетумерзіміалтыайданкешіктірмейтұрғынүй (тұрғын үйқұрылысы) меншікиелерініңбірінебіррет 100 (жүз) айлықесептік көрсеткішкедейінгімөлшерінде; 2) азаматтарға (отбасыларға), өртсалдарынаназаматтарға (отбасыларға) немесеолардыңмүлкінезиянкелгенібойыншажағдайтуындағансәттенбастап, өтінішкөрсетумерзіміалтыайданкешіктірмейтұрғынүй (тұрғынүйқұрылысы) меншікиелерініңбірінебіррет 100 (жүз) айлықесептіккөрсеткішкедейінгі мөлшерінде; 3) диспансерлікесептетұрғанадамныңиммунтапшылығывирусынан туындағанинфекцияныжұқтырғанбалалардыңата-аналарынанемесеөзгезаңды өкілдеріне, республикалық бюджет туралызаңментиістіқаржыжылына белгіленгенеңтөменгікүнкөрісдеңгейінің 2 (екі) еселенгенмөлшерінде; 4) туберкулезбенауыратынжәнеамбулаториялықемделудежүрген адамдарға ай сайын – 6 (алты) айлықесептіккөрсеткішмөлшерінде; 5) «Қатерліісіктер, адам иммунитет тапшылығывирусынан (АИВ) тудырған ауру, «Созылмалывирустыгепатиттержәнебауыр циррозы», «Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)» ауруменауратынадамдарға – 10 (он) айлық есептіккөрсеткішмөлшерінде; 6) «Психикалықжәнемінез-құлықбұзылыстары» ауруменауратын адамдарға – 2 (екі) айлықесептіккөрсеткішмөлшерінде; 7) «Орталықнерв жүйесініңмиелинсіздендірушіаурулары, «Нерв жүйесінің дегенаративтіаурулары», «Ми қанайналымыныңжеделбұзылуы (1 жыл)», «Эпилепсия» ауруменауратынадамдарға – 5 (бес) айлықесептіккөрсеткіш мөлшерінде; 8) «Орфандықаурулар» ауратынадамдарға – 3 (үш) айлықесептік көрсеткішмөлшерінде. Осы тармақтың 3) - 8) тармақшаларындакөрсетілгеннегіздербойынша әлеуметтіккөмеккөрсетуүшінадамның (отбасының) материалдықжәне тұрмыстықжағдайынатексеружүргізудіқажететпейді.
11. Әлеуметтіккөмекадамның (отбасының) жанбасынашаққандағыорташатабысы, еңтөменгікүнкөрістіңбірыңғайшегіненаспайтын, жылына 1 (бір) рет –10 (он) айлықесептіккөрсеткішмөлшеріндекөрсетіледі:
12. Әлеуметтіккөмектабысыескерілмейжылынабірреткелесісанаттағыазаматтарғакөрсетіледі: ҰлыОтансоғысыардагерлеріне, басқамемлекеттераумағындағыұрысқимылдарыныңардагерлеріне, жеңілдіктербойыншаҰлыОтансоғысыардагерлерінетеңестірілгенардагерлерге, ҰлыОтансоғысыжылдарындатылдағыжанқиярлықеңбегі мен мінсізәскериқызметіүшінбұрынғы КСРОдағыныңордендеріменжәнемедальдарыменнаградталғанадамдарғажәнеЗаңның 8-бабының 1), 2) және 3) тармақшаларындакөрсетілгенбасқа да адамдарға, сондай-ақ 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардыілесіпжүретінадамдарғаҚазақстанРеспубликасыныңсанаторийлерінде(профилакторийлерінде) санаторий-курорттық ем алуға, өтінішберушініңсанаторлық-курорттықкартаны, санаторлық-курорттықұйымныңшот-фактурасынұсынаотырып, санаторлық-курорттықемделудіңқұнымөлшеріндетұрғылықтыжерібойыншаемдеумекемесініңұсынымдарынасәйкес, алмүгедектігі бар адамдарғаілесіпжүретінадамныңсанаторийдетұрғаныүшінтөлемдірастайтынқұжатқа (шот-фактура немесетөлемтуралы чек) сәйкесбірақ50 (елу) айлықесептіккөрсеткішмөлшеріненаспайтынсомада, жылына 1 рет; ҰлыОтансоғысыардагерлеріне, басқамемлекеттераумағындағыұрысқимылдарыныңардагерлеріне, жеңілдіктербойыншаҰлыОтансоғысыардагерлерінетеңестірілгенардагерлергежәнеЗаңның 8-бабының 1), 2) және 3)тармақшаларындакөрсетілгенбасқа да адамдарға, осы санаттағыадамдардыңрастайтынқұжатбойыншакоммуналдыққызметтергеақытөлеугежәнеотын сатыпалуға – 24 (жиырматөрт) айлықесептіккөрсеткішмөлшерінде, жылына 1рет 27. Әлеуметтіккөмек: 1) алушықайтысболған; 2) алушыҒабитМүсіреповатындағыауданыныңшегінентысжергетұрақтытұруғакеткен; 3) алушыарнаулыәлеуметтікқызметтеркөрсетуорталықтарынатұруғажіберілген; 4) өтінішберушіұсынғанмәліметтердіңанықеместігіанықталған; 5) әлеуметтіккөмеккөрсетугенегізболмайқалғанытуралымәліметтеранықталғанжағдайлардаәлеуметтіккөмеккөрсетутоқтатылады. Осы тармақтың 3) тармақшасыҮлгілікқағидалардың 7 - тармағының 1) - 2)тармақшаларындакөрсетілгеннегіздербойыншатағайындалғанәлеуметтіккөмектітөлеугеқолданылмайды. Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларындакөрсетілгеннегіздербойыншаәлеуметтіккөмектітөлеукөрсетілгенмән-жайларбасталғаннанкейінгікелесіайданбастаптоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларындакөрсетілгеннегіздербойыншаәлеуметтіккөмектітөлеукөрсетілгенмән-жайларбасталғанкүнненбастаптоқтатылады. Әлеуметтіккөмектітөлеукөрсетілгенмән-жайлартуындағанайданбастап тоқтатылады. |
7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады: 1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі; 2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі; 3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы; 4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті деңгейден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы; Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі. 10. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі: 1) азаматтарға (отбасыларға), дүлей апат салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде; 2) азаматтарға (отбасыларға), өрт салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде; 3) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға ай сайын – 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 4) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде; 5) "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 6) жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне, егер санаторлық-курорттық емдеуге жіберу үшін әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын ұйымдарда емдеуге алып жүретін бір адамнан артық емес, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру мен тамақтануға жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде, санаторлық-курорттық емдеуге төлемді растайтын құжатты, ілесіп жүруші адамға санаторлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсыну арқылы, жылына 1 рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде; 7) емдеу және оңалту үшін әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеу ақысын өтеуге мерзімді түрде (жылына бір рет), 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде; 8) қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жүріп өткен жолдың нақты құнын өтеуге мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі; мүгедектігі бар, дәрігердің рецепті бойынша тағайындалған мамандандырылған емдік тамақтану енгізілмеген балаларға, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық қамтамасыз етудің жекелеген санаттары үшін тегін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген аурулары (жай-күйі) бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы белгілеген есеп-шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде; 9) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда,сондай-ақ Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымдарына сәйкес, курорттық емдеу картасынан үзінді көшірме, шот-фактура ұсына отырып, курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, жылына 1 (бір) рет; 10) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру талап етілмейді. 11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қолдау алатын адамдарды қоспағанда, жан басына шаққандағы орташа табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтынын ескере отырып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға беріледі: 1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар, жылына бір рет; 2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға),біржолғы.»; 12-тармақ алынып тасталсын
27. Әлеуметтік көмек: 1) алушы қайтыс болған; 2) алушы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен; 3) алушы мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген; 4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. 5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады. Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды. Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады. Әлеуметтік көмек алушылар (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхаты бар өкіл) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға негіздердің туындағаны туралы хабарлама жібереді.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев А.М. 2026 жылғы 5 маусымдағы №69-ПС хаттамалық тапсырмасы
|
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының
2026 жылғы 30 сәуірдегі № 40-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдері осы Қағидалармен белгіленеді.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;
4) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті деңгейден аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.»;
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, табыстарын есепке алмай мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) азаматтарға (отбасыларға), дүлей апат салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
2) азаматтарға (отбасыларға), өрт салдарынан зардап шеккендерге (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне – бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде;
3) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде жүрген адамдарға ай сайын – 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балалардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
5) "Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II А немесе IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (жылына бір рет) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жеті жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар баланы санаторлық-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне, егер санаторлық-курорттық емдеуге жіберу үшін әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын ұйымдарда емдеуге алып жүретін бір адамнан артық емес, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру мен тамақтануға жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде, санаторлық-курорттық емдеуге төлемді растайтын құжатты, ілесіп жүруші адамға санаторлық-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ұсыну арқылы, жылына 1 рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
7) емдеу және оңалту үшін әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға жұмыс түрлері мен материалдарын (шарт, фискалдық чек) міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан алынған төлем шотын ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, тіс протездеу ақысын өтеуге мерзімді түрде (жылына бір рет), 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын өлшемде;
8) қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, Заңның 8-бабында көрсетілген өзге де адамдарға, 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерді, бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлерді қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде емдеу-профилактикалық мекемелерінің жолдамасы бойынша, жол жүру фактісін растайтын құжат (жол жүру билеті, электрондық жол жүру билеті, билеттерге ақы төленгенін көрсететін банктік шоттан үзінді) және ауруханаға жатқызылу фактісін куәландыратын құжаттарды (емдеу-профилактикалық мекеменің үзіндісі немесе басқа құжаттар) ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауруханаға жатқызу орнына дейін және кері қарай көрсетілген көлік құралдарының бір түріне жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жүріп өткен жолдың нақты құнын өтеуге мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі;
мүгедектігі бар, дәрігердің рецепті бойынша тағайындалған мамандандырылған емдік тамақтану енгізілмеген балаларға, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық қамтамасыз етудің жекелеген санаттары үшін тегін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген аурулары (жай-күйі) бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы белгілеген есеп-шот-фактураға сәйкес, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
9) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шипажайларында (профилакторияларында) санаторлық-курорттық емделуге арналған жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда жеті жасқа дейінгі, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша емдеу-профилактикалық мекеменің ұсынымдарына сәйкес, курорттық емдеу картасынан үзінді көшірме, шот-фактура ұсына отырып, курорттық емдеу құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, жылына 1 (бір) рет;
10) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру талап етілмейді.»;
11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қолдау алатын адамдарды қоспағанда, жан басына шаққандағы орташа табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтынын ескере отырып, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға беріледі:
1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдар, жылына бір рет;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бірыңғай ең төменгі күнкөріс деңгейінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға), біржолғы.»;
12-тармақ алынып тасталсын;
27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Әлеуметтік көмек алушылар (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхаты бар өкіл) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға негіздердің туындағаны туралы хабарлама жібереді.».
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының төрағасы |
|
С. Баумағанбетов |
Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы
№ 9-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы аудандаәлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ғабит Мүсірепов
атындағы аудандық мәслихат шешімінің жобасына
Түсіндірме жазба
|
р/б |
Жобада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші атқарушы органның ақпараты |
|
1 |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімі жобасының атауы |
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев А.М. 2026 жылғы 5 маусымдағы №69-ПС хаттамалық тапсырмасы
|
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және онын қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Жобаны іске асыру бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) озге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттыққауіпсіздікті қамтамасыз етуге ыкпалы |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
Мақсаты - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру Мерзімі-алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. |
|
6 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік қуқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
Қажет емес |
|
7 |
Нормативтік қуқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға жәнеҚазақстан Республикасы қатысушасы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Сәйкес келеді |
|
8 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
Қажет емес |
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі басшысыБ. Әмрина
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан
облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Солтүстік
Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27
маусымдағы № 154 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
ведомстволық бағынысты мекемелері бар:
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен, Қазақстан
Республикасының Әлеуметтік кодексімен, Қазақстан Республикасының әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар
көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Үкіметінің актілерімен, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық
актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз жұмысын іске асырады.»;
6- тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының
бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,
мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.»;
7- тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің
мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде,
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының
Әлеуметтік кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен
Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер
қабылдайды.»;
12-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда баяндалсын:
«Егер Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Қазақстан
Республикасының заңдармен қызметке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру
құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке
жіберіледі.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан
Республикасының Әлеуметтік кодексімен, «Мемлекеттік және әлеуметтік
жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметінің актілері, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды іске асыру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сондай-
ақ осы Ережемен үйлестіру және ұйымдастыру;»;
13-тармақтың 2), 4) тармақшалары алынып тасталсын;
14-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан
қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік
мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік және
әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтарға ие болады;»;
15-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«7) қағаз жүзінде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы
«Әлеуметтік көмек», «Е-әкімдік», «Е-Собес», «Шетелдік жұмыс күші»,
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе» автоматтандырылған
ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келіп түскен
өтініштерді қабылдау;»;
15-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақтың 19) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«19) «Цифрлық отбасы картасы», «Жұмыс орындарын құрудың
интеграцияланған картасы», «Интерактивті қолжетімділік картасы»
автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін мониторингтеу;»;
15-тармақтың 23) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«23) облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;»;
15-тармақтың 24) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«24) ұлттық жобалар, ауданның даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту
картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге
асыру;»;
15-тармақтың 28) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«28) қарттар мен мүгедектектігі бар тұлғаларға үйде күтім көрсету қызметін
үйлестіру;»;
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
15-тармақтың 30), 48), 49), 50) тармақшалары алынып тасталсын;
19-тармақтың 2-1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«2-1) Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің келісімі бойынша:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры, «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымға
тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
19-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«9) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы
органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету
және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына сәйкес
материалдық көмек көрсетуді, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі қызметкерлеріне қосымша төлемдерді, материалдық ынталандыруды
белгілейді;».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде
оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне
ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты»
шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына
жолдауды;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны «Солтүстік Қазақстан
облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және
Редакциялау күні 11.06.2026
Сақтау күні 25.06.2026
Дата редакции 11.06.2026
Дата скачивания 25.06.2026
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
интернет-ресурсына орналастыруды;
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы
әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
әкімі
Р.
Аңбаев
Мемлекеттікатаулыәлеуметтіккөмеккөрсету
Атаулыәлеуметтіккөмек (АӘК) – жанбасынашаққандағыайлықтабысыкедейлікшегіненаспайтынжекетұлғаларға (отбасыларға) мемлекеттарапынанберілетінақшалайтөлем.
Жеке тұлғалар (отбасылар) шартсызнемесешарттықаржылықкөмектүріндегіатаулыәлеуметтіккөмекалуғақұқылы.
АӘК отбасыныңдағдарыстаншығуынаарналғануақытшақолдаубағдарламасы, тұрақтытабыскөзіемес. Жәрдемақытәуелділіктітудырмауыкерек. АӘКнегізгімақсаты – отбасыларғақолма-қолақшалайтөлемдертүріндеқолдаукөрсетужәнееңбеккеқабілеттіотбасымүшелерінжұмыспенқамтуғаықпалететінбелсендішараларғатартуарқылықиынөмірлікжағдайлардыжеңугекөмектесу.
Сұрсхемалар мен алаяқтықтан бас тарту:
Нақтытабыстыжасыру (бейресмижұмыспенқамту, мүліктіжалға беру), жалғанқұжаттардыұсынунемесежұмысқаорналасутуралыұсыныстан бас тартузаңбұзушылықболыптабылады. Бұләкімшілікжауапкершілікке, заңсызалынғанәлеуметтіккөмектімәжбүрлітүрдеқайтаруғажәнеболашақкөмектен бас тартуғаәкеледі.
Жұмыспенқамтужәнебелсенділікбастыбасымдықболыптабылады:
Шарттықаржылықкөмекалатынеңбеккеқабілеттіотбасымүшелеріжұмыспенқамтуғажәрдемдесубағдарламаларынақатысуыкерек. Мемлекеттегіноқыту, әлеуметтікжұмысорындарынаорналастыру, жастартәжірибесіжәнегранттарұсынады. Жұмысұсыныстарынаннегізсіз бас тартубүкілотбасыүшін АӘК төлемінтоқтатады.
Кірістер мен шығыстардыңашықтығы:
Учаскеліккомиссияларотбасылардыңнақтытұрмысжағдайларынтексеруүшінүйлерінебарып, олардыңқаржылықбағалауынжүргізеді. Алаяқтыққақарсыкүресаясында тек табыстарығанаемес, соныменқатаротбасымүшелерініңнегізгішығындары (жылжымайтынмүлік, автокөліктер, қымбатжабдықтаржәненесиелер) тексеріліп, жасырынтабыстарыанықталады. Төлемдерді тек кедейлікшегінентөментұратындарғанаалады. Азаматтарғасондай-ақзаманауиведомствоаралықбақылаужүйелеріментабыстынемесеірісатыпалуларды (автокөліктер, жылжымайтынмүлік) жасырумүмкінемесекендігітуралыхабарланады — мемлекетбарлықдеректердіэлектрондыүкіметдерекқорларыарқылыавтоматтытүрдебақылайды.
Балаларғакөмек:
Мемлекет сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мақсатты қолдау көрсетеді, оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайын қосымша 1,5 АЕК (2026 жылы 6 487 теңге) төлем жасалады.
Мансап орталығы АӘК қауымдастығындағы еңбекке қабілетті азаматтармен тұрақты жұмыс табу немесе мемлекеттік микрокредит бағдарламалары арқылы өз бизнесін бастау үшін үнемі жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке мансап орталығына, жергілікті ауылдық округ әкіміне (әкіміне) немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы өтініш бере алады.
Атаулы әлеуметтік көмек бойынша кеңес алу үшін жергілікті ауылдық округ әкіміне (әкіміне) немесе мансап орталығына 51645 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.
«Еңбек Жолы» байқауының басталуы туралы хабарландыру
2026 жылғы 1 шілдеге дейін «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға үміткерлерден келесі номинациялар бойынша өтінімдер қабылдау басталады:
- «Үздік еңбек әулеті»;
- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері»;
- «Өндірістің үздік жас қызметкері».
«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары облыстық және республикалық деңгейде іріктеледі.
Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша(бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды.
Конкурсқа кәсіпорындардың(саласына қарамастан)барлық қызметкерлері қатыса алады.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлерден материалдарды «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не (СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Новоишим селосы Ленин көшесі, 2,байланыс телефон 21-9-06; 8 705 120 00 27) 2026 жылғы1 шілдеге дейінгі мерзімде қолма-қол ұсыну қажет.