Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы № 154 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

2-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

«2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме»;

9-тармаққа 2-1) тармақшасымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«2-1) «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің келісуімен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;».»

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес  күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгеріс және толықтыру енгізу туралы әділет органдарын хабардар ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                              Р. Аңбаев

                                                       

                                                       

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 августа 2025