Новоишимка. 2025 жыл 13.06.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 22-НҚ бұйрығы негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы».
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 6 маусымынан бастап 13 маусым аралығы бойынша жүргізілді.
Ішкі талдау «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ 2024 жылғы 14 ақпаннан бастап 2025 жылғы 5 мамырға дейінгі жұмыс кезеңін қамтыды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Үлгі қағидаларына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшы бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама келесі жұмыс тобынан тұратын құрамда құрылды:
Мейзер Наталья Сергеевна – әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі;
Әлімбаева Ботагөз Ерғалиқызы – бас маман – есепші;
Әлмұқанова Алтынай Айсақызы - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі бас маман;
Ляпкало Анжелика Вардановна - № 1 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Барақаев Нұрсадық Қыстаубайұлы – еңбек ардагері, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы.
Жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.
Персоналды басқарумен байланысты анықталған тәуекелдер саны - 0.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқару қызметін зерделеу кезінде ішкі талдау мынаны көрсетті:
-бөлімнің штат саны 7 штат бірлігін құрайды, нақты саны 9 мемлекеттік әкімшілік қызметші.
Талдау барысында талданған кезеңде объективті себептер бойынша кадрлардың ауысуы орын алатыны анықталды:
- 10.12.2024 жылдан бастап мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманды, негізгі қызметкерді бала күтіміне байланысты демалыссыз жұмыстан босату;
- 04.07.2025 жылдан бастап бөлім басшысының орынбасары қызметінен босату.
Талданған мерзімде теріс себептер бойынша жұмыстан босату фактілері анықталған жоқ, мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Бөлім қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарын белгіленген мерзімде аяқтады.
Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды жұмысқа орналастыру фактілері жоқ.
Басшының жақын туыстарын жұмысқа алу фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында басқарманың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданып, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметкерлер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына белгіленген мерзімде декларация тапсырды.
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшыға қатыстылығы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғаларға белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында департамент қызметкерлеріне қатысты сыни мақалалар болған жоқ.
Мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша сот шешімдері туралы ақпарат жоқ.
Бөлім мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаң сақтайды, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтайды, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтайды. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаумен байланысты тәуекелдер жағдайлары расталған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.
Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы бөлімшенің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған деген қорытындыға келді.
Мүдделер қақтығысына байланысты анықталған тәуекелдер саны - 0(бірлік).
Талданатын объекті қызметкерлерінің жеке істерін зерттеу барысында мүдделер қақтығысының фактілері анықталған жоқ.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Жұмыспен қамту бөлімінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі әзірлеген «Әлеуметтік еңбек саласы», «Еңбек нарығы», «Е-әлеуметтік қамсыздандыру», «Тұрғын үй көмегі», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Е-әкімдік» ААЖ жұмыс жүргізеді, сондай-ақ «Е-Өтініш», «Қазынашылық клиент», «1С Бухгалтерия» сияқты басқа АЖ жұмыс.
Талдау жүргізген жұмыс тобы ақпараттық жүйелердің жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанын анықтады.
Ережеге сәйкес, ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі бұл функция бөлімнің құзыретіне кірмейді.
Бюджеттік және қаржылық ресурстарды әзірлеу және бөлу кезінде анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Бюджеттің атқарылуы мониторингі бойынша 2024 жылғы 14 ақпанға (талданатын кезеңнің басына) әкімшілік бюджеттік бағдарламалар бойынша 451, қаржыландыру жоспарында 42698,8 мың теңге қарастырылған, 100%игерілген. 2024 қаржы жылының қорытындысы бойынша қаржыландыру жоспарында 492049,5 мың теңге қарастырылып, 492047,7 мың теңге игерілді – 100%. Талданған кезеңнің қорытындысы бойынша 2025 жылғы 5 мамырға қаржыландыру жоспарында 170324,1 мың теңге қарастырылған, 170322,1 мың теңге игерілді – 100%.
Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бюджеттік және қаржылық қаражаттарды әзірлеу және бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 (бірлік).
Бөлімде мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Бөлім бойынша жұмыстарды, тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне бөлінген бюджет қаражатын заңнамаға сәйкес жұмсаудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, электронды веб-порталда орналастырылған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар айына бір рет енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Шарттарға уақытында қол қойылып, орындалды.
2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 683 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қағидалардың 378-1 тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы Тапсырыс беруші ең төмен бағаны ұсынған ұсыныс өнім берушімен Шарт жасайды. Электрондық сатып алуды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде комиссия бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда деген қорытындыға келді.
2025 жылғы 5 мамырдағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары – 14217,9 мың теңгеге бекітілді, шарттар іс жүзінде жасалды: оның ішінде бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы – 8, баға ұсыныстарын сұрату – 2, бір көзден алу тәсілімен өткізілмеген сатып алулар бойынша – 21, негіздемелік келісімді қолдану арқылы конкурстың екінші кезеңі – 1.
Тоқсан сайын бас маман-есепші аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджет қаражатының жұмсалуы туралы есеп береді.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда лауазымды тұлғалардың қатыстылығы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайларының немесе туыстарының әлеуетті өнім берушілердің жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларына қатысу фактілері анықталған жоқ.
Талдау жүргізген жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағанын анықтады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты анықталған тәуекелдер саны – 0 бірлік.
Бөлімнің, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін мыналар зерделенді:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 78 Қазақстан Республикасының Заңы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 8 желтоқсандағы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы Азаматтық істер жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бекітілген стандарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.
Бөлім бекітілген стандарттарға сәйкес «Әлеуметтік көмек», «Е-собес», «Еңбек нарығы», «Е-әкімдік», «ШЖК» ақпараттық-талдау жүйелері (АТЖ) арқылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Талданып отырған кезеңде бөлім 1481 қызмет көрсетті, оның ішінде:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін – 979 көрсетілген;
- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық нысанда көрсетілген – 95;
- көрсетілетін қызметті берушінің ЖЭҚ арқылы электрондық түрде көрсетіледі – 352.
Аудан әкімінің аппаратына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есеп беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде лауазымды тұлғалардың тиісінше жұмыс істеу фактілері анықталған жоқ.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есеп белгіленген мерзімде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Рұқсат етуші функцияны жүзеге асырумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Бөлім лицензиялау функцияларын жүзеге асырумен айналыспайды.
Бақылау функцияларын жүзеге асырумен байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Бөлім туралы ережеде бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асыру қарастырылмаған.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын басқа да мәселелерді жүзеге асыруға байланысты анықталған тәуекелдер саны 0 (бірлік).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлімінің жұмысы зерделенді. Талдау жүргізілген кезеңде басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 14 өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан 3, заңды тұлғалардан 11 өтініш түсті. Оның 14 қағаз жүзінде азаматтарды қабылдау, салыстыру актісімен расталып, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына уақытылы жолданған.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері ӘІЖК бойынша белгіленген тәртіппен қаралады, заң бұзушылықтар жоқ, түскен өтініштер қаралды, өтініш берушілерге белгіленген мерзімде жауаптар берілді.
Анонимді өтініштер жоқ. Тақырыпты талдау аудан тұрғындарын оларды әлеуметтік қолдауға байланысты әлеуметтік мәселелер, халықты жұмыспен қамту саласындағы мәселелер толғандыратынын көрсетті.
Бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты БАҚ-та келеңсіз материалдар жариялануы анықталған жоқ.
Бөлім басшысымен жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі бекітіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында (бөлімнің ozsp-gm.sko.gov.kz сайтында) және Бөлімнің фойесінде көрнекті жерде орналастырылған.
Құқық бұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді немесе теріс қылықтарды анықтауға жағдай жасау мақсатында бөлімде 2-24-17 сенім телефоны ұйымдастырылып, жұмыс істейді, ол арқылы азаматтар осындай фактілер туралы хабарлауға мүмкіндік алады және «Азаматтардың ұсыныстары үшін» жәшігі орнатылды.
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді зерделеді: «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «e-Акимат» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, «ODO» бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі, E-Otinish – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай алаңы, еңбек нарығының ақпараттық жүйесі, әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесі.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде жұмыс тобы «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ деген қорытындыға келді.
Ұсыныстардың жалпы тізімі:
ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ:
Әлеуметтік бағдарламалар секторының
меңгерушісі Н.С. Мейзер _____________
(Т.А.Ә., қолы)
Бас маман-есепші Б.Е. Әлімбаева ____________________
(Т.А.Ә., қолы)
Әлеуметтіккөмек және жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі бас маман А.А. Әлмұқанова____________________
(Т.А.Ә., қолы)
№ 1 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің
меңгерушісі А.В. Ляпкало____________________
(Т.А.Ә., қолы)
Еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Құрметті азаматы Н.Қ. Барақаев ____________________
(Т.А.Ә., қолы)
Таныстырылды: Б.Қ. Әмрина_____________________
(Бөлім басшысы, Т.А.Ә., қолы)
Талданған актілердің, ішкі құжаттардың тізбесі: