Халықты әлеуметтік қорғау – Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.
Аз қамтылған және қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері:
Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексіне сәйкес жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда көрсетеді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек біржолғы және (немесе) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы кезінде, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы шекті мәннен аспайтын, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар белгілеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің біржолғы мөлшері, сондай-ақ атаулы күндері мен мереке күндері жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақшалай нысанда көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жергілікті өкілді органдар белгілеген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңымен белгіленген тәртіппен тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығыстар мен отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының рұқсат етілген шекті деңгейі арасындағы айырмашылықты өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем.
Үйде оқитын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету – мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен төлеу.