Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
2024 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жоспардағы 16 адамнан 17 адам жіберілді немесе 106% (6 тракторшы-машинист, 10 аспазшы, 1 электрогазбен дәнекерлеуші). Оның ішінде 2 адам себепсіз сабаққа қатыспауына байланысты, шығарылды (1 аспазшы, 1 тракторшы-машинист). 15 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 15 адам немесе 100% жұмысқа орналасты.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
2024 жылы жастар қатарынан 10 адам 50 млн теңгеге шағын несиемен қамтылды.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға (мемлекеттік гранттар) 22 адамға 32,5 млн.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 37,6 млн теңгеге 29 грант берілді (көп балалы аналар – 10/14 млн., мүгедектігі бар адамдарға – 8/10,3 млн., қоныс аударушылар – 5/5,9 млн., АӘК көмек алушылар – 4/4,4 млн.теңге, мүгедектігі бар адамдар – 9/2 млн.теңге, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамға – 2/2,9 млн. теңге).
1 ағын – 15 адам (18,4 млн. теңге)
2 ағын – 14 адам (19,2 млн. теңге).
2024 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 17 жоспардан 19 адам немесе 112% жұмысқа орналастырылды.
«Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша 1 адам жұмысқа орналастырылды немесе жылдық жоспар 100%.
«Күміс жас» жобасы бойынша 19 адам жоспарымен 29 адам жұмысқа орналастырылды немесе жылдық жоспардың 153%.
Жастар тәжірибесі
Жоспар 45 адам болса, 49 немесе 109% жылдық жоспар жастар тәжірибесіне жіберілді.
«Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 19 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 100%.
Қоғамдық жұмыстар
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 130 адамды жұмыспен қамтуға 154,9 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда 230 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді немесе жылдық жоспардың 177%.
Қоныс аудару
2024 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ағымдағы жылы ауданға жұмыс күші мол аймақтардан 72 отбасын (250 адам) қоныстандыру жоспарлануда.
Осы мақсаттарға 248,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
- экономикалық ұтқырлық сертификаттары – 176 млн. теңге;
- тұрғын үйді жалға беруді субсидия – 17,1 млн.теңге.
- қоныс аударуды субсидия – 55,8 млн.теңге.
Бүгінгі таңда ауданға Алматы облысынан барлығы 62 отбасы (187 адам) немесе квотаның 75 пайызы көшіп келген.Алматы облысының Алматы қ. – 1, Астана қ. – 29, Шымкент қ. – 1, Жамбыл облысы. - 11, Жетісу облысынан – 1, Қызылорда облысынан - 2, Маңғыстау облысынан - 2, Түркістан облысынан – 14.
62 жанұяда 187 адам бар, оның 79 адамы еңбек жасындағылар (68 адам жұмыспен қамтылғандар, 4 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 7 адам - бала бағып отырған аналар), 29 - мектепке дейінгі балалар, 34- мектеп оқушысы, 1- студент, 4-зейнеткер.
Жұмыспен қамтуға жарамды 72 адамның барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған: 68 адам - жұмысқа орналастырылған (оның ішінде білім саласында - 9, денсаулық сақтау саласында - 6, ауыл шаруашылығы саласында - 12, өзге салаларда - 41), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 4 (1-шағын наубайхана, денсаулық сақтау саласында - 1, тігінші - 1, хореографияда - 1).
Әлеуметтік көмек
2025 жылдың 1 қаңтарына жалпы аудан бойынша әлеуметтік көмек алушылардың саны 1107 адамды құрады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша келесі қызметтер көрсетілді:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 29 отбасынан 133 азаматқа 17048,2 мың теңге.
- тұрғын үй көмегі 2 отбасыға, 3 адамға 111,5 мың теңге.
- үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың шығындарын өтеуге – 27 мүгедектігі бар балаға 3 784,3 мың теңге сомасында.
- Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек 864 адамға 33104,1 мың теңге.
- азаматтардың жекелеген санаттарына (80 адам) әлеуметтік көмек 10 675,2 мың теңге.
2024 жылға арналған бекітілген бюджетке сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қызметтер Порталы арқылы қолдау көрсету:
12 мүгедектер кресло-арбасы;
20 сурдотехникалық құралдар;
17 тифлотехникалық құралдар;
76 протездік-ортопедиялық бұйымдар;
212 міндетті гигиеналық құралдар,
24 адам курорттық емдеу қызметімен қамтылды,
Қозғалысы қиын 1 топтағы 8 мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшілер қызметі көрсетілді;
Есту қабілеті нашар 8 адамға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.