Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешімі.Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4846 болып тіркелді.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабы 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
26 января 2024