1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес кепілді сома шегінде жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
2) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
3) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
4) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – АОЖБ) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;
6) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
1) Мемлекеттік корпорация;
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.
"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында көзделген.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" қызметін көрсету тәртібі Қағидалардың 2-тарауының 3-параграфында көзделген.
Шартта мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өткізу кезінде құнын өтеуге жатпайтын қызметтерді ұсыну талаптары айтылады.
Мыналар:
1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;
2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;
3) он сегіз жасқа толмаған;
4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;
5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам жеке көмекші бола алмайды.