Ақталған адамға куәлік беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Ақталған адамға куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18 және 24-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және ақталған адамға куәлік беру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақтау туралы анықтама – Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;

      2) ақталған адам – Заңға сәйкес ақталған адам;

      3) ақталған адамның куәлігін беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

Ақталған адамға куәлік беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
Дата публикации
26 января 2024