- Жалпы ережелер
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру аласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамтуорталығы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен:«Неке туралы» (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ осы Ереженіңөзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміегер «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген өзге де актілермен Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы. Қазақстан Республикасында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы. , «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Ленина көшесі, 2 үй.
- Осы Ереже жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.