Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің, жұмыс берушілер өкілі (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған
КЕЛІСІМ
I бөлім. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;
әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;
жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,
осы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің, жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Бас келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:
1) әлеуметтік әріптестік;
5) экономикалық саясат;
2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
3) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;
4) әлеуметтік саясат;
6) Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау бағыты шеңберінде жасасты.