Жұмыспен қамту бөлімі өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларын жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдайды және болжайды, іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды бақылайды.