2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

қызметі туралы есебі

 

 

 1.Жалпы ережелер

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметің 15 түрін көрсетеді:

  1. Тұрғын үй сертификаттарын беру.
  2. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
  3. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
  4. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту.
  5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  6. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.
  7. Ақталған адамға куәлік беру.
  8. Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  9. Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  10. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  11. Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  12. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  13. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  14. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
  15. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.

Есепті кезеңде 1520 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін НҚА-ға сәйкес көрсетіледі. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

         Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекеменің ақпараттық стендінде және Бөлімнің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер, Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімі, мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі және басқа да пайдалы ақпарат орналастырылған.

         Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

         Облыс тұрғындарының «Сенім 109» бірыңғай үйлестіру орталығы арқылы мемлекеттік қызметтер бойынша сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі бар.              

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет:

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына күнделікті бақылау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін азаматтардың көрсетілетін қызметті берушімен байланысын азайту мақсатында Азаматтардың «электрондық үкімет» порталы, «Baspana Market» порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алуы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Халыққа мемлекеттік қызметтерді алу ыңғайлылығы үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында» электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша әдістемелік және практикалық көмек жалғастырылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау:

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында курстар өткізіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарға консультациялық және практикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады.

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2025