2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қарқаралы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Қарқаралы ауданы жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

қызметі туралы есебі

 

 

 1.Жалпы ережелер

         Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Қарқаралы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметің 15 түрін көрсетеді:

  1. Тұрғын үй сертификаттарын беру.
  2. Тұрғын үй көмегін тағайындау.
  3. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу.
  4. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту.
  5. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
  6. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.
  7. Ақталған адамға куәлік беру.
  8. Мүгедек адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  9. Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  10. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедек адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  11. Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  12. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  13. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.
  14. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
  15. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу.

Есепті кезеңде 1673 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін НҚА-ға сәйкес көрсетіледі. 

Дата публикации
12 февраля 2025