Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында 7 мамыр күні тыл еңбеккері, көпбалалы ана, Үміткер ауылының тұрғыны Азнабаева Ғалия апай өзінің айтулы 100 жылдық мерейтойын атап өтті.
Бұл ерекше қуанышқа ортақтасып, мерейтой иесіне алғыс білдіру үшін Бұқар-Жырау ауданының әкімі Е. Құсайын, аудандық мәслихат хатшысы А. Әли, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Абжанова, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Исабаев арнайы келді.
Ғалия апайдың өмір жолы — табандылықтың, еңбекқорлықтың және отбасы мен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын үлгісі. Соғыс жылдары ол әлі мектеп оқушысы бола тұра Молотов (қазіргі Пермь) қаласына фабрика құрылысына жіберіліп, ересектермен бірге ауыр жұмыстарға қатысып, құрылысқа кірпіш тасып еңбек етті. Соғыс кезіндегі қиындықтарға қарамастан, ол рухының беріктігін сақтап, адамдарға пайда тигізуге ұмтылды.
Кейін орыс тілін жақсы меңгеруінің арқасында Ақсу-Аюлы ауылында орыс тілі пәнінің мұғалімі болып еңбек етті. Ол бүкіл ғұмырын адал еңбекке және бала тәрбиесіне арнады. Ғалия апай 10 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. «Ана даңқы» («Мать-героиня») және «Алтын алқа» медальдарымен марапатталған.
Отбасы Жаңақала, Үлгі ауылдарында тұрып, кейін Бабаев атындағы совхозға қоныс аударған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін кітапханашы болып еңбек етті.
Қонақтар мерейтой иесіне ұзақ жылғы еңбегі, төзімділігі мен өнегелі өмір жолы үшін шынайы алғыстарын білдірді. Олар Ғалия апайға зор денсаулық, жан тыныштығын, ұзақ ғұмыр, бала-шағасының қамқорлығы мен мейірімін, үлкен отбасы ортасында амандық пен қуаныш тіледі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
жөніндегі «Парыз 2026» байқауына
қатысу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 177, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлығына сәйкес 2026 жылы республикада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы «Парыз» байқауы өтеді.
Байқауға лайықты еңбек жағдайын жасаған, экологиялық мәселелерді шешуде біршама жетістіктерге жеткен, еңбекақы төлеудің жаңа қағидаттарын енгізген, өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысқан жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Жарғылық капиталындағы акциялары, мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Лауреаттардың атақтары келесі номинациялар бойынша беріледі:
1) шағын және орта бизнес;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
Байқау жыл сайын республикалық және облыстық деңгейде келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Бұл номинацияда өз жеке персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағыда басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады;
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
Бұл номинация қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларды іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Анықтама үшін байланыс тел: 8/72154/21038, Татьяна Сергеевна Мельник
ҚҰРМЕТТІ БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНЫҢ
КӘСІПОРЫНДАРЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕРІ!
Сізге 2026 жылы 22 мамыр мен 1 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниетті үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастағандығын хабарлаймыз.
Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;
2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Конкурсқа қатысушылар «Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
- мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады
Конкурсқа құжаттар 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады және 55555 электрондық мекен-жайына жолдауыңызға болады.
Қосымша сұрақтар бойынша 8/72154/21038 немесе 8700 353 53 20 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар.
Үміткерлерге сәттілік тілейміз!
Жеңіс Күні қарсаныңда аудан әкімі Ерлан Құсайын, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мурат Исабаев, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гульжан Абжанова, Доскей ауылының әкімі Рустем Исаинов Ұлы Отан соғысының ардагері, Тулеков Айдарбектің жары , Доскей ауылының тұрғыны Тулекова Күміс Сағатовнаның шаңырағына барып мерекемен құттықтады.
Тулеков Айдарбек Тулекович 1919 жылы туылған,соғыс басталған уақытта өз еркімен майданға аттанды. Соғыс кезінде сержант лауазымында 121-дивизия, 112-кавалериялық полк құрамында шайқасты. 1942 жылдың жазында Курск облысындағы қорғаныс шебінде болған ұрыс кезінде фашистердің қолына тұтқынға түсті. Кейін тұтқыннан қашып шығып, Чехословакияның Брно қаласы маңындағы партизан отрядына қосылды. Ол Венгрияда және Румынияда соғысқан. Екі дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Олар 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда 22 немере, 22 шөбересі бар.
2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Ғ.Мұстафин кентінде Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Д.М.Құтжановтың, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Р.Құрбановтың, ауыл әкімі Ғ.Мұстафин Б.Қ.Ускембекованың қатысуымен қатысуымен «Сайлау принциптері – сайлаушылар сенімінің негізі» тақырыбында құқықтық, институционалдық және азаматтық қағидалардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде таңдауды түсінуді көрсететін семинар-кеңес өтті.
Бұл жиында сайлау құрылымының негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин кенті және Тұзды ауылы сайлау комиссияларының мүшелеріне мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы ережелері түсіндірілді, соның ішінде мүгедектердің дауыс беруінде жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, сонымен қатар сайлау саласындағы қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, қоғам өміріне инклюзивтілікті енгізу мәселелері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтары түсіндіріліп, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісімен бірлесіп, азаматтармен жеке кездесу өткізіп, сайлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.




27 қаңтарда Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясымен Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту және қолданыстағы сайлау заңнамасын түсіндіру мақсатында Ботақара кентінің мәдениет үйінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Халық үшін маңызды ақпарат!
Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 бұйрығына сәйкес Қарағанды облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында салық органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету және салық міндеттемелерін орындау бойынша салық төлеушілерге ақпараттық-түсіндіру қолдауы бойынша көшпелі сервистік топтар ұйымдастырылды, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау және ұсыну бойынша.
Сервистік топ салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ғана мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі 2 (екі) айдан астам белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
3) сырттан күтім мен көмекке мұқтаж сексен жастан асқан қарт адамдар;
4) аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар.
Бұқар жырау ауданы бойынша МКБ сервистік тобының құрамы бас мамандар Сковородко Ирина Петровна және Бағынтаев Мирас Арманұлы. Шығу күндері: сейсенбі, бейсенбі.
Сервистік топтың келуіне өтінім беру жоғарыда көрсетілген санаттағы салық төлеушілерден Департаменттің байланыс орталығы арқылы телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады: (7172) 73 55 15, 8 705 956 53 88
«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін
3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды
2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.
Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:
Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.
Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.
Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.
Сұранысқа ие қызметтердің бірі - ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.
Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.