2026 жылғы 8 қазанда «Балалар өнер мектебі» КМҚК – да мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдардың қатысуымен «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған!» атты күзгі бал дәстүрлі шарасы өтті.
Мерекелік шараның қатысушылары мен қонақтарын күзгі композициялармен безендірілген залында концерттік ойын-сауық бағдарламасын қызықтады. Қатысушылар өлеңдер оқыды, әндер орындады, күз тақырыбына жұмбақтар шешті, сондай-ақ өздерінің би қабілеттерін көрсетті.
Мереке барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй, жарқын эмоциялар мен жылы және мейірімді атмосферада уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Ал іс-шара мерекелік дастарханмен аяқталды, онда қонақтар әңгімелесіп, жағымды кездесуді жалғастыра алды.
1 қазан — Қарттар күніне орай КММ «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» жалғызбасты қызмет алушыларды құттықтады.
Қамқорлық пен көңіл бөлудің белгісі ретінде оларға азық-түлік себеттері табысталды. Қарт азаматтарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жан жылуы, амандық пен әр күннің шуақты әрі мейірімді болуын тіледі.
Жалғызбасты қарт адамдарға көңіл бөлу мен қамқорлық көрсету өте маңызды. Жылы сөз бен қарапайым көмек олардың көңілін көтеріп, өздерін жалғыз сезінбеуіне қолдау болады.
Өйткені аға ұрпаққа деген қамқорлық қарапайым әрі ізгі істерден басталады.
1 қазан күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК қызметкерлері мен тәрбиеленушілері «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің арнаулы әлеуметтік қызметтерін алушы, қамқорлығындағы Несжан Тәжібаева апайдың үйіне барды.
Бұл кездесу Қарттар күніне орай ұйымдастырылып, аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықтың, ізеттілік пен ықыластың көрінісі болды.
Қызметкерлер мен тәрбиеленушілер Несжан апаймен әңгімелесіп, оған зор денсаулық, амандық, отбасы берекесін, жан жылуын және ұзақ ғұмыр тіледі.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, қайырымдылық, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлыққа мұқтаж жандарға жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
30 қыркүйек 2026 жылы М.Хамзин атындағы металлургтер сарайында «Джаз бояулары» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен XVI қалалық «Жан шуағы» фестивалі өтті.
Фестиваль аясында үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің 6 қызмет алушылары әлеуметтік қызметкерлерімен бірлесіп дайындаған шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Фестиваль қатысушылары ән нөмірлерін дайындап, би билеп, өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын ұсынды. Іс-шара бағдарламасы өте мазмұнды және алуан түрлі болды.
Жыл сайын «Жан шуағы» фестивалі мүгедектігі бар тұлғалардың шығармашылық әлеуетін көрсетуге, өз таланттарын көпшілікке көрсетуге және жаңа достар табуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы 17 қыркүйекте «Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға психоневрологиялық патологиясы бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар тұлғаларға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлердің халықтың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәселелерді талқылады.
Әлеуметтік жағдайы қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды уақтылы анықтау, әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу, зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық пікір алмасу форматында әлеуметтік қызметкерлер өзара тәжірибе бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады және кәсіби қызметте жауапкершілік пен азаматтарға бейжай қарамаудың маңыздылығын атап өтті.
Қауіпсіз қоғам заңды құрметтеуден, әр адамның жауапкершілігінен және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге дайын болудан басталады.
Заң мен тәртіп — тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және әрбір адамның лайықты өмір сүруінің негізі!
Ағымдағы жылы қыркүйек айының 14–18 күндері аралығында Оқушылар сарайында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала болашағы, тәрбие және қауіпсіздік» тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналыстары өтті.
Іс-шараға білім саласының мамандарымен қатар құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, Отбасын қолдау орталығы, қалалық Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманы атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту және мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 90 күннен астам мерзімі өткен несие берешегі бар азаматтарға қаржылық сауаттылық және қарызды реттеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 10–11 қыркүйек күндері Білім бөлімінің №24 мектеп-интернат» КММ және Қоңырат шағын ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиынға білім саласының мамандарымен қатар құқық қорғау органдары, төтенше жағдайлар қызметі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, Отбасын қолдау орталығы, қалалық Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.
«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманымен атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және 90 күннен астам мерзімі өткен несиелік берешегі бар азаматтарға заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша қолжетімді ақпараттар берілді.
10 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасында Отбасы күніне орай «Менің отбасым – менің байлығым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арналған мазмұнды әрі қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар ән айтып, өлең оқыды, викторинада бақ сынасты, тақырыптық пазлдар құрастырды, отбасы туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске түсірді. Сонымен қатар балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Сөздерді шешуге арналған байқауға балалармен бірге олардың ата-аналары да белсене қатысты. Бірлескен ойындар мен қызықты тапсырмалар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық жылулық пен бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
Мерекелік іс-шара барлық қонақтарға жарқын эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Күн шуақ» балабақшасы» КМҚК аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша ата-аналармен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Балқаш қаласының «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өкілдері атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің бірыңғай тәсілдері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Балқаш мыс балқыту зауытының «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС қызметкері Мұхамедяр Болат Уәлұлы «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
Мұхамедяр Б.У. конвертерші болып жұмыс істейді. Еңбек жолын ол 2024 жылы бастаған.
Қысқа уақыт ішінде Болат өзін білікті, әрі болашағы зор жас маман ретінде таныта білді. Кәсіби қызметінде жоғары жауапкершілік танытып, біліктілігін арттыруға және жаңа өндірістік үдерістерді белсенді меңгеруге ұмтылады.
Ұжымда оны еңбекқорлығы, жұмысына адалдығы және тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен орындағаны үшін жоғары бағалайды.
Кәсіби қызметімен қатар, Болат кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысып, бастамашылдығы мен шығармашылық қабілетін танытып келеді.
Даму мен шығармашылық белсенділікке деген ұмтылысы Болатқа кәсіби шеберлігін жетілдіріп, туған қаласының дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.