
2023 жылдың 07 ақпанында Жұмыспен қамту орталығында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне «Балхаш Жылу» ЖШС, «Балхаш универсал» ЖШС, «Балхаш су» ЖШС, «Қорғау қызметі» ЖШС ұйымдарының кадр бөлімінің мамандары шақырылды.
Жұмыс берушілер өтініш берушілермен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу шарттары туралы айтты.
Іс-шараға пробация қызметінде тіркелген 12 адам қатысты.
Іс-шара соңында 2 адамға тұрақты жұмыс орнына жолдама берілді, 10-адам әңгімелесуден өтті. Сонымен қатар, қатысушылардың назарына ақпараттық материалдар (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпарат) ұсынылды.