Ағымдағы жылдың 21 маусым айында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Ешкімнен сен қалыспа, білімі кімнің көп болса, сол озады сайыста» атты таза ауада спорттық-танымдық ойын-сауық ұйымдастырылды.
Іс шараның басты мақсаты балаларды логикалық ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу.
Спорттық-танымдық ойын-сауық дәстүрлі түрде дене шынықтыру жаттығуларынан басталды. Қатысушылар сурет бойынша түрлі мамандық иелерін дұрыс тауып, әңгіме құрастырды. Командаларға бөлініп, жеміс- жидектерден мозаика құрастырды. Көңілді әуенге би билеп, көл жағалауында батпырауық ұшырды.