«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет  Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы  № 24/176 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  шешіміне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына сәйкес көрсетіледі.

 Мемлекеттік қызмет  өмірлік қиын жағдайда қалған, Балқаш қаласы аумағында және тиісті әкімшілік-аумақтық  бірліктердің аумағында тұрақты тұратын адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек түрінде көрсетіледі.

Дата публикации
08 октября 2020