Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Балқаш қаласының атқарушы билік органдарының, қалалық жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және кәсіподақтар бірлестіктерінің және жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілетті өкілдері, ал жеке-жеке Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, Тараптардың тепе-тең өкілдігі мен тең құқықтылығы, қабылданған міндеттемелерді және сындарлы өзара іс-қимылды орындағаны үшін әрбір Тараптың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, 2024 – 2026 жылдарға арналған Балқаш қаласы әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және кәсіподақтар бірлестіктері арасында осы қалалық келісімді жасасты (бұдан әрі - Қалалық келісім).
Қалалық келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өңірде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту туралы ережелерді; аймақтың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарауды; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар қабылдауды; әлеуметтік-еңбек саласындағы даулардың, жанжалдардың және ереуілдердің алдын алу шараларын, оның ішінде еңбек дауларын шешуде жұмыс берушілердің қызметкерлер өкілдеріне жәрдемдесу және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі Кеңестің қызметін, сондай-ақ ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу жөніндегі ережелер, оның орындалуын бақылау тәртібін; өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігін; оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін қамтиды.