Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Отбасыны қолдау орталығы туралы

 

Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – отбасылық және гендерлік саясат, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері болып табылады.

Осы бағытта 2024 жылдан бастап Балқаш қаласында жұмыс істеп келе жатқан Отбасыны қолдау орталығы көптеген қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін тірек пен үмітке айналды.

Орталықтың қызметі дағдарыстық жағдайға тап болған отбасыларға кешенді қолдау көрсетуге, отбасылық жанжалдардың алдын алуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.
Орталық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп, отбасындағы тұрақтылық пен әл-ауқатты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Жұмыстың негізгі құралдарының бірі – FSM Social ақпараттық платформасы. Осы платформа арқылы мамандар келіп түскен өтініштерге жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді. Әрбір өтініш жеке қаралып, психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен сүйемелдеу жоспары жасалады.

Сондай-ақ Орталық Балқаш қаласы әкімінің қаулысы негізінде құрылған мобильді топтың жұмысын ұйымдастырады.
         Топтың мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтап, оларға жедел көмек көрсету. Оның құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, полиция бөлімдерінің өкілдері, кент әкімдері мен әлеуметтік қызметкерлер бар.

Орталық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді – пробация қызметі, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл тиімді қолдау жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Орталықта отбасылық саясатты іске асыру аясында, отбасын нығайтуға, ата-аналық жауапкершілікті арттыруға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған семинарлар, тренингтер мен кездесулер өткізіледі. Бұл іс-шараларға жас отбасылар да, көпбалалы отбасылар да, мамандар мен жастар да белсенді қатысады.

Орталық демеушілер мен меценаттармен бірлесіп жұмыс істейді. Олардың арқасында отбасылар нақты көмек алады: азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үй жалдау ақысының бір бөлігін өтеу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, тегін түскі ас және басқа да көмек түрлері. Бұл қамқорлық адамдарға болашаққа үмітпен қарауға көмектеседі.

Себебі әр отбасы бақытты болуға лайық, ал мықты қоғам – мызғымас отбасыдан басталады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
"Балқаш қаласының отбасыларын қолдау және көмек көрсету бойынша бірыңғай орталығы" КММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы