Меню

Страницы

Статья

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы, «Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар»

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi «Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз-2018» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргiзiлiп жатқандығын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүргiзiледi және оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi (бұдан әрi — үмiткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:

  1. шағын кәсiпкерлiк субъектiсi;
  2. орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
  3. iрi кәсiпкерлiк субъектiсi;

және мынадай номинациялар бойынша берiледi:

  1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын ұйымдардың қызметi қаралады (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыру, еңбектi қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру және т.б.).
  2. «Еңбек саласындағы үздiк кәсiпорын» номинацисында еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдайларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады»;
  3. «Үздiк ұжымдық шарт» номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
  4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады».

Материалдардың құрамында:

  1. қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
  2. үмiткердiң өз қызметiне және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiне жасаған бағасының деңгейiн көрсететiн есебi. Үмiткердiң есебiне мыналар кiредi: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
  3. есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi, электронды форматтағы материалдар, альбомдар, брошюралар, басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкiн).

Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бiр данада бередi, өтiнiмдердi беру мерзiмi — 2019 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.

Мекен-жайы: «Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ 8 715 46 21386 телефоны бойынша хабарласуыға болады

Конкурс жөнiнде толық ақпаратты Министрлiктiң www.pariz.kz және www.Enbek.gov.kz сайттары немесе (87172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.

 

 

«Парыз» конкурсы туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеу­мет­тiк қорғау министрлiгi «Бизнестiң әлеуметтiк жауап­кершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсы туралы» Қазақ­стан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 23 қаң­тардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестiң әлеу­меттiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз-2018» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргiзiлiп жатқандығын хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүргiзiледi және оған жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi (бұдан әрi — үмiткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:

  1. шағын кәсiпкерлiк субъектiсi;
  2. орта кәсiпкерлiк субъектiсi;
  3. iрi кәсiпкерлiк субъектiсi;

және мынадай номинациялар бойынша берiледi:

«Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыратын ұйымдардың қызметi қаралады (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыру, еңбектi қорғауды ұйымдастыру, кадр­ларды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру және т.б.).

«Еңбек саласындағы үздiк кәсiпорын» номинацисында еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдай­ларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады»;

«Үздiк ұжымдық шарт» номинациясында Қазақ­стан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;

«Экологияға қосқан үлесi үшiн» номинациясында қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады».

Материалдардың құрамында:

1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;

2) үмiткердiң өз қызметiне және бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiне жасаған бағасының деңгейiн көрсететiн есебi. Үмiткердiң есебiне мыналар кiредi: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi, DVD дискiлердегi материалдар, альбомдар, брошюралар, басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкiн).

Конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер конкурс­ты ұйымдастырушыларға материалдарды бiр данада бередi, өтiнiмдердi беру мерзiмi — 2018 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.

Мекен-жайы: «Ақжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi»КММ 21449 телефоны бойынша хабарласуыға болады

Конкурс жөнiнде толық ақпаратты Министрлiктiң www.pariz.kz және www.Enbek.gov.kz сайттары немесе (87172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.

Дата публикации
01 декабря 2023
Дата обновления
01 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
29 января 2024
Негізгі міндеттері мен функциялары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы