"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ
2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
"СҚО, Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес (01.01.2026 ж. өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 17 түрі көрсетілді:
- Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, мансап орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – қызмет берушінің кеңсесі, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kzарқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, қызмет берушінің кеңсесі арқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Ақталған адамға куәлік беру- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы, қағаз түрінде;
- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар - балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы, электронды/қағаз түрінде/проактивті;
- Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Тұрғын үй көмегін тағайындау- www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы, электронды/қағаз түрінде;
- Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру - www.egov.kz«электронды үкімет» веб-порталы, электронды түрде.
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу - қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде.
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру -қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация, www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы, электронды/қағаз түрінде.
2025 жылы 602 (алты жүз екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 122 қызмет, ЭҮП арқылы 149 қызмет, қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 331 қызмет көрсетілді.
Құжаттар топтамасының толық ұсынылмауы және ұсынылған деректердің сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар 13.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (заң, көрсетілетін қызметтердің қағидалары, өтініштердің үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, бұл ақпарат мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҚР "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2025 жыл ішінде бұзушылықтар анықталды:
- мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу - 18 факт.
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу-3 факт.
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 11 ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында iшкi бақылауды және мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыру, ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу жоспарлануда.
Бөлім басшысы Б. Жұрынтаев
Орын.: Е. Тогтоол