
Жұрынтаев Бөгенбай Аралбайұлы, 1978 жылы 11 қаңтарда туған
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Талшық ауылында. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жоқ.
Ұлты - қазақ.
2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін математика және физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек қызметі:
31.08.2004 жылдан бастап 09.08.2006 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
09.08.2006 жылдан 10.11.2008 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Талшық мектеп-интернатының директоры, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылды.
10.11.2008 жылдан бастап 08.08.2013 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің әкімі, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылды.
09.08.2013 жылдан 15.08.2016 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылды.
16.08.2016 жылдан 01.11.2016 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы, басқа лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.
02.11.2016 жылдан 04.05.2019 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылды.
06.05.2019 жылдан 06.05.2025 жылға дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, өз еркімен жұмыстан босатылды.
01.08.2025 жылдан 10.09.2025 жылға дейін - «СҚО Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ статисі, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты жұмыстан босатылды.
11.09.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «СҚО Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысының м.а.