
Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілер мен кәсіпкерлердің назарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ұлттық Жұмыс берушілер палатасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" республикалық конкурсын өткізудің басталғаны туралы хабарлайды. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады.
Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі:
1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысуға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай алғанда қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелерін ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ең көп санын жұмысқа орналастыру және т. б.) қаралады келесі).
2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылады.
3) "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі қарастырылады.
5) "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы".
Бұл номинацияда жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады.
"Парыз 2023" конкурсына қатысу ережелері мен тәртібі туралы толығырақ ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (тел. 4-46-12, мекен-жайы: Абай қ., М. Әуезов к-сі, 30, каб.1)