Еңбекші көшіп-қонушыға рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жеке тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамына өзі жүгінген кезде құжаттар топтамасын ұсынады
Рұқсатты ресімдеу үшін еңбекші көшіп келушіге мынадай құжаттарды ұсыну қажет
еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш;
жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектер
мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы белгісі бар паспорт
медициналық жолдама
дактилоскопиялаудан және суретке түсіруден өткені туралы анықтама
медициналық сақтандыру
жұмыс беруші мен қызмет көрсетуші персонал арасында жасалған еңбек шарты
еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш;
жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленгені туралы түбіртек (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
еңбекші көшіп келушіге бұрын берілген рұқсат;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жасалған еңбек шарты (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
медициналық сақтандыру (сканерлегеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат бір, екі немесе үш айға беріледі. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін үш күннен ерте берілмейді. Қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі